Instagram аккаунтымды Tinder аккаунтыма не үшін қоса алмай қалдым?
Meta компаниясы Tinder сияқты басқа қолданбаларды Instagram-ға қосу және ондағы фотосуреттерді көрсету мүмкіндігін өшіріп тастады.
2024 жылдың 14 қарашасынан 2024 жылдың 4 желтоқсанына дейін Tinder платформасынан Instagram функциялары біртіндеп жойылады.
Яғни, енді Instagram-ды профиліңізге байланыстыра алмайсыз және басқа адамдардың профильдерінен Instagram-дағы фотосуреттерін көре алмайсыз.
Instagram-дағы суреттерім профилімде қала ма?
Жоқ, Instagram-дағы фотосуреттеріңіз жойылды, бірақ Tinder-ге тікелей жүктеп салған фотосуреттеріңіздің барлығы әлі сонда тұр.
Профилімде Instagram парақшамды бөлісе аламын ба?
Әркімнің құпиялылығы мен қауіпсіздігі үшін Қауымдастық қағидаларына сай, профильдерде әлеуметтік желі парақшаларын бөлісуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, қауіпсіздік үшін телефон нөмірі немесе электрондық пошта сияқты жеке ақпаратты жарияламағаныңыз жөн.
Instagram-ды қолданбай, Tinder-де өзім туралы толығырақ қалай бөлісе аламын?
Оны толықтай түсініп тұрмыз. Бұл өзгеріс қиындық туғызары анық. Биографияңызды, фотосуреттеріңізді, қызығушылықтарыңызды, өмір салтыңыз туралы деректерді өзгертіп көріңіз, тіпті Spotify-ға қосылып көріңіз. Осылайша басқаларға кім екеніңізді көрсетуіңізге болады. Профиліңізді өзгерту туралы толық мәліметті қараңыз.
Instagram-ға қатысты деректеріме не болады?
2025 жылдың қаңтарына дейін Tinder аккаунтыңыздан Instagram-ға қатысты деректердің барлығы жойылады. Ештеңе істеудің қажеті жоқ. Деректеріңіз қауіпсіз түрде жойылады.