Егер Пайдалану шарттарын, Қауымдастық қағидаларын немесе Саясаттарды бұзсаңыз, Tinder аккаунтыңызға қатысты шара қолдануымыз мүмкін. Ережебұзулылыққа қарай Tinder-ден профиліңізді жойып тастауымыз, ескерту жіберуіміз және/немесе профиліңізден контентті жойып тастауымыз мүмкін. Қолданылған шара дұрыс емес деп есептесеңіз, Апелляция орталығына кіріп, оған апелляциялық шағым түсіре аласыз.
Апелляция беруге болатын ережебұзушылықтар
Апелляция орталығына кіру үшін Tinder аккаунтыңызға кіретін мәліметтерді пайдалануыңызға болады. Апелляция орталығында апелляция беруге болатын шаралардың барлығы көрсетіліп тұрады. Нақты ережебұзушылық туралы толық мәлімет алу үшін Мәліметті көру түймесін түртіңіз.
Апелляциялық шағым бергіңіз келетін нақты ережебұзушылықты көрмесеңіз немесе ережебұзушылыққа апелляциялық шағым беру опциясын таппасаңыз, демек ол апелляция беру талаптарына сай келмейді. Ол мына себептердің біріне немесе бірнешеуіне байланысты болуы мүмкін:
- Апелляция орталығын іске қоспас бұрын шара қолданылды. Апелляция орталығына кіру рұқсатын алғаннан кейін қабылданған шараларға ғана апелляция бере аласыз.
- Апелляция беру талаптарына сай келмейтін ережебұзушылық түрі. Бұл жолы Апелляция орталығы арқылы тек ескертулерге, контенттің жойылуына және қойылған блоктарға ғана апелляция беруге болады.
- Бұл шара 6 ай бұрын қолданылған. Аккаунтыңызға қатысты шара қолданылғаннан кейін 6 ай ішінде апелляциялық шағым бере аласыз.
- Бұл ережебұзушылыққа қатысты апелляциялық шағым беріп қойғансыз. Ережебұзушылыққа тек бір рет апелляциялық шағым бере аласыз. Бұған дейінгі апелляция берген барлық ережебұзушылықтыЖіберілген апелляциялар қойындысынан таба аласыз.
Апелляцияны қалай беруге болады
Апелляция беру үшін мына қаламдарды орындаңыз:
- Апелляция орталығында апелляция бергіңіз келетін ережебұзушылықты тауып, оны таңдаңыз.
- Апелляцияны бастау түймесін басыңыз.
- Апелляцияны жіберу түймесін басыңыз.
Егер бірнеше ережебұзушылыққа апелляция бергіңіз келсе, апелляция жібергенде, олардың барлығын таңдауыңыз керек.
Апелляциядан кейін
Ережебұзушылыққа апелляциялық шағым жіберген соң, ережебұзушылық Жіберілген апелляциялар қойындысына ауысады да, оның жанында Тексерілуде белгішесі пайда болады. Апелляциялық шағымыңызды тексеріп шыққаннан кейін бұл белгіше апелляцияның нәтижесіне байланысты Мақұлданды немесе Қабылданбады деп өзгереді.
- Белгішеде апелляцияңыздың мақұлданғаны көрсетілсе, сіз апелляция берген ережебұзушылықтың күші жойылды деген сөз. Апелляциялық шағым түсірген ережебұзушылыққа байланысты аккаунтыңызды қалпына келтіреміз, ескертуді жоямыз және/немесе контентіңізді қалпына келтіреміз.
- Белгішеде апелляцияңыздың қабылданбағаны көрсетілсе, сіз апелляция берген ережебұзушылық күшіне енді деген сөз. Апелляциялық шағым түсірген ережебұзушылыққа байланысты аккаунтыңызды қалпына келтірмейміз, ескертуді жоймаймыз және/немесе контентіңізді қалпына келтірмейміз.
Апелляция орталығында жаңа ережебұзушылық көрсеңіз, демек тексеру барысында Пайдалану шарттарының немесе Қауымдастық қағидаларының тағы да бұзылғанын анықтадық. Жаңа ережебұзушылықтарға Апелляция орталығы арқылы апелляция бере аласыз.
Апелляция орталығында қолданылған терминдердің қайсыбірі туралы түсіндірме керек болса, Анықтама орталығы мақаласын оқыңыз.