«Фотосурет аналитикасы» деп аталатын функция Tinder-де өзіңізге барынша бейімделген интерфейс жасауға көмектеседі.
Фотосурет аналитикасы қалай жұмыс істейді
Tinder интерфейсін сізге барынша ыңғайлы жасауға көмектесетін аналитикалық мәлімет жасау үшін профиліңіздің фотосуреттерін (сіз жүктеп салып қойған және болашақта қосатын фотосуреттер) талдап, тиісті тэгтерді сақтаймыз. Бұл тэгтер сіздің қызығушылықтарыңызды, ұстанатын өмір салтыңызды және талғамыңызды жақсырақ түсінуге көмектеседі. Соның арқасында интерфейсті сіздің ыңғайыңызға қарай бейімдейміз.
Фотосурет аналитикасы тэгтерін өшіру
Технология мінсіз емес, сондықтан біз де үнемі дәл бола алмаймыз. Фотосуреттеріңізге қатысты кейбір немесе барлық тэгті өшіргіңіз келсе, мына қадамдарды орындаңыз:
- Tinder қолданбасын ашыңыз
- Профиль белгішесін түртіңіз
- Параметрлерге өтіңіз
- Фотосурет деректеріне түсіңіз
- «Фотосурет деректерін басқару» опциясын басыңыз
- Фотосурет деректерін басқару тэгтерін таңдаңыз
- Өшіріп тастағыңыз келетін әрбір тэгтердің жанындағы «x» түймесін түртіңіз немесе аккаунтыңызға байланыстырылып тұрған тэгтердің барлығын өшіру үшін «Барлығын өшіру» опциясын түртіңіз
Ескертпе: «Барлығын өшіру» опциясын түртсеңіз, аккаунтыңызға жүктеп салатын жаңа фотосуреттер үшін «Фотосурет аналитикасы» функциясын қолдануға кедергі келтірмейді.
«Фотосурет аналитикасы» функциясынан қалай бас тартуға немесе деректерді жоюға болады
Бұл міндетті функция емес, және одан кез келген уақытта бас тарта аласыз. Бұл функциядан бас тартсаңыз, профиліңіздің фотосуреттеріне байланыстырылған тэгтердің барлығы автоматты түрде жойылады. Ол үшін мына қадамдарды орындаңыз:
- Tinder қолданбасын ашыңыз
- Профиль белгішесін түртіңіз
- Параметрлерге өтіңіз
- Фотосурет деректеріне түсіңіз
- «Фотосурет деректерін басқару» опциясын басыңыз
- «Фотосурет деректерін пайдалану» функциясының жанындағы қосқышты өшіріңіз
Фотосурет аналитикасы деректерді қалай пайдаланады
Профиль фотосуреттеріңізден жасалатын тэгтер сіз туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін аналитикалық дерек жасауға қолданылады. Бұл аналитика өз кезегінде кейбір ұсыныстың сізге не үшін көрсетілгенін түсіндіру үшін қолданылады. Жасалған тэгтерді өзіңіз толықтай басқара аласыз. Сізге қатысы жоқ тэгтерді өшіріп тастасаңыз, бұл ұсыныстар одан бетер жақсарады, нәтижесінде Tinder интерфейсінде жекелендірілген мәлімет көбірек көрсетіледі.
Профиліңізге байланыстырылған Фотосурет аналитикасы тэгтері оларды өшірмегенше және аккаунтыңыз ашық тұрғанша жұмыс істейді. Тэгтерді профиліңізден өшіріп тастасаңыз немесе аккаунтыңызды жойсаңыз, бұған дейін байланыстырылған тэгтер Құпиялылық саясатына сай жойылады.
Біздің Құпиялылық саясатымызды ашып, біздің құпиялылық тәжірибеміз туралы, оның ішінде Сіздің құқықтарыңыз бөлімін қараңыз. Деректеріңіздің көшірмесін қалай сұрауға болатынын үйрену үшін Анықтама орталығына да кіруге болады.
Қосымша көмек
Фотосурет аналитикасына қатысты қосымша көмек керек болса, бізге хат жазып, толық мәлімет беріңіз және біз сізге қуана-қуана көмектесеміз.