Tinder пайдаланушысының жасы кемінде 18-де болуы керек. Егер Tinder-ді Жапонияда пайдаланатын болсаңыз, жергілікті заң талаптарына сай жасыңызды растап, бұл талапқа сай келетініңізді дәлелдеуіңіз керек болады.
1-ҚАДАМ
Мынадай жеке куәліктердің бірін дайындап қойыңыз:
2-ҚАДАМ
Жеке куәлігіңізді толық көрінетіндей суретке түсіріңіз
Егер Жапония төлқұжатын, жүргізуші куәлігін немесе денсаулық сақтау куәлігін пайдалансаңыз, суретіңіз жартылай жасырылып, жартылай кесіліп қалмай, анық көрініп тұруы тиіс.
Егер Жапония төлқұжатынан басқа құжат пайдалансаңыз, 4 бұрышы мен қолтаңба толық сыятындай екі бетін толық түсіріңіз.
3-ҚАДАМ
Жеке куәліктің суреті жүктеп салынғаннан кейін, верификация процесі ұзақ уақыт алмайды!
Жеке куәлік верификациядан өткен соң, қолданбада хабарландыру аласыз. Жеке куәлік мақұлданған жағдайда, жұбыңызбен чатта сөйлесе аласыз.
Біз үшін пайдаланушылардың құпиялылығынан артық ештеңе жоқ
Жеке куәлігіңізді жіберген соң, Tinder оны жасыңызды растау үшін ғана қолданады. Сапаны қамтамасыз ету мақсатында жеке куәлігіңізді немесе жеке куәлігіңіз туралы ақпаратты (мысалы, сіз жіберген жеке куәлік түрі) жас верификациясынан кейін 90 күнге дейін сақтауымыз мүмкін. Осы уақыт кезеңінен кейін бізде тек верификация нәтижелері ғана сақталады. Егер жасыңыз кемінде 18-де екенін растасаңыз, жұптарыңызмен сөйлесе алу үшін, ол туралы жазбаны сақтауымыз керек.