Сұранысты жіберу
Сәлеметсіз бе! Көмек қолын соза алатынымызға қуаныштымыз!
Tinder-дің қалай жұмыс істейтініне қатысты сұрақтарыңыз бар ма? Жиі қойылатын сұрақтар бөлімін қараңыз. Онда біздің жобамыз, саясаттарымыз, қауымдастығымыз және ақауларды түзетуге қатысты негізгі кеңестеріміз бар.
Tinder-ге қатысты қиындықтарға тап болғаныңыз өкінішті!
Қолданбаны жойып, қайта орнатып көріңіз. Төменде болған мәселені егжей-тегжейлі түсіндіріп берсеңіз, көмегі тиер еді. Ол көптеген техникалық ақаулардың түзелуіне және Tinder-дің соңғы (ең жақсы) нұсқасының орнатылуына сеп болады.
Егер қиындыққа тап болсаңыз, төмендегі форманы пайдаланып, қандай мәселе туындағаны жайлы толық түсіндіріп беріңіз және мүмкін болса, скриншоттарды қоса жіберіңіз.
Tinder-дің аккаунттарды блоктауына Пайдалану шарттарының немесе Қауымдастық қағидаларының бұзылуы себеп болуы мүмкін.
Аккаунтыңыздың блокталғаны қате болды деп есептесеңіз, Апелляция орталығы арқылы апелляция беруіңізге болады. Апелляция жіберуге қатысты нұсқаулар алғыңыз келсе, Анықтама орталығына кіріңіз.
Аккаунтыңыздың блокталғанына қатысты басқа да көмек керек болса, төмендегі форманы толтырыңыз.
Егер сіз блокталған болсаңыз, ескерту алсаңыз және/немесе профиліңізден контент жойылған болса, демек Пайдалану шарттары немесе Қауымдастық ережелері бұзылған.
Егер бұл шара қате қолданылды деп есептесеңіз, апелляциялық шағым түсіре аласыз. Апелляцияға беру үшін Tinder аккаунтыңызға кіретін деректерді пайдаланып, Апелляция орталығына кіріңіз. Tinder-дің апелляция процесі туралы толық мәлімет алғыңыз келсе, Анықтама орталығын қараңыз.
App Store немесе Google Play дүкені қолданбаларына кіріп, Tinder-дің ең соңғы нұсқасын пайдаланып жатқаныңызға көз жеткізіңіз.
Телефон нөміріңізді өзгерткендіктен немесе Facebook аккаунтыңызға кіре алмай жатқандықтан аккаунтыңызға кіре алмасаңыз, қалпына келтіруге арналған электрондық мекенжайыңызды пайдаланып, көмектесе аламыз. Төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- Алдымен Tinder.com веб-сайтына кіріңіз
- Кіру түймесін басыңыз
- «Кіре алмай жатырсыз ба»? деген опцияны таңдаңыз
- «Электрондық пошта арқылы кіру» опциясын таңдаңыз
- Tinder аккаунтыңызға байланыстырылған электрондық мекенжайды енгізіңіз
Техникалық ақауларға байланысты аккаунтыңызға кіре алмасаңыз, төмендегі сілтемені пайдаланып, бізге хабар беріңіз.
Телефон нөміріңіз өзгергендіктен немесе Facebook аккаунтыңыздың деректерін жоғалтқандықтан аккаунтыңызға кіре алмасаңыз, қалпына келтіруге арналған электрондық мекенжайды пайдаланып, көмектесе аламыз. Төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- Tinder.com веб-сайтына кіріңіз
- «Кіру» түймесін басыңыз
- «Кіре алмай жатырсыз ба?» опциясын таңдаңыз
- «Электрондық мекенжай арқылы кіру» түймесін басыңыз
- Tinder аккаунтыңызға байланыстырылған электрондық мекенжайды енгізіңіз
Электрондық пошта немесе SMS верификациясында техникалық ақаулар шығып жатса, төмендегі сілтемені пайдаланып, бізге хабарлаңыз.
Аккаунтыңызды жойып жатқаныңыз өкінішті-ақ! Аккаунтыңызды жою үшін оған кіре алуыңыз керек. iOS немесе Android жүйесіне арналған Tinder қолданбасына, Tinder.com сайтына немесе Tinder-дің аккаунттарды басқару порталына кіру арқылы аккаунтыңызды жоя аласыз.
Tinder-ге кірсеңіз, аккаунтты жою оп-оңай: төменгі оң жақ бұрыштағы профиль белгішесін түртіңіз, «Параметрлер» бөлімінде төмен түсіп, «Акканутты жою» түймесін басыңыз, содан кейін оны жоятыныңызды растаңыз.
Аккаунтыңызға кіре алмасаңыз, төмендегі форманы толтыруыңыз керек.
Мұндай жағдайда міндетті түрде Tinder аккаунтыңызға байланыстырылған электрондық мекенжайды пайдаланып, хабарласуыңыз керек. Ескертпе: Сол электрондық мекенжайды пайдаланып хабарласпасаңыз, өтінішіңізді қарастыруға кедергі болуы немесе мүлде қарастырмауға себеп болуы мүмкін.
Телефон нөміріңізді өзгерткендіңізден, аккаунтыңызға кіре алмасаңыз, қалпына келтіруге арналған электрондық поштаңызды пайдаланып, көмектесе аламыз.
- Tinder.com веб-сайтына кіріңіз
- «Кіру» түймесін басыңыз
- «Кіре алмай жатырсыз ба?» деген опцияны таңдаңыз
- «Электрондық пошта арқылы кіру» опциясын таңдаңыз
- Tinder аккаунтыңызға байланыстырылған электрондық мекенжайды енгізіңіз
Егер аккаунтыңызға кіре алмасаңыз және оны жоюға көмектесетінімізді қаласаңыз, төмендегі форманы толтырыңыз. Ондай жағдайда, қауіпсіздік мақсатында Tinder аккаунтыңызға байланыстырылған электрондық пошта мекенжайынан хабарласқаныңыз дұрыс. Ескертпе: Бұл электрондық мекенжайынан бізге хабарласпасаңыз, өтінішіңізді қарастыруға кедергі болуы немесе мүлде қарастырмауға себеп болуы мүмкін.
Tinder-ге тіркелу кезінде техникалық ақау шығып жатса, төмендегі сілтеме арқылы бізге хабарлаңыз.
Сәлеметсіз бе! Бұл сатып алу транзакциясын Apple ID арқылы жасасаңыз, ақшаны Tinder емес, Apple компаниясы қайтарады.
Apple компаниясынан ақшаны қайтаруды сұрау үшін Apple қолдау көрсету қызметіне кіріңіз немесе төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- Компьютеріңізде iTunes-ты ашыңыз
- Apple ID-іңізге басыңыз
- «Сатып алу тарихы» бөлімін таңдаңыз
- Ақшасын қайтарғыңыз келетін транзакцияны тауып, «Мәселе жайында хабарлау» түймесін түртіңіз
Android құрылғысында сатып алсаңыз, ақшаңызды қайтарып алу өтінішіңізді қарастырамыз, бірақ төменде ақпаратты егжей-тегжейлі ұсынуыңызды сұраймыз.
Ақшаны қайтару өтінішіңіздің себебін сипаттамада жазыңыз.
Ескертпе: Ақшаны қайтару өтініші транзакция болған күннен бастап 14 күннің ішінде жіберілсе ғана, өтініш қарастырылады.
Сатып алу транзакциясы Tinder.com-да жасалса, ақшаны қайтару өтінішіңізді қарастарамыз, бірақ төменде толық ақпаратты көрсетуіңізді сұраймыз. Ақшаны қайтарып алу өтінішіңіздің себебін сипаттамада жазыңыз.
Ескертпе: Ақшаны қайтару өтініші транзакция болған күннен бастап 14 күннің ішінде жіберілсе ғана, өтініш қарастырылады.
Tinder жазылымын Apple ID арқылы сатып алсаңыз, жазылымнан тікелей iOS құрылғысында бас тартуыңыз керек. Төмендегі қадамдарды жасаңыз:
- iOS параметрлеріне өтіңіз
- iTunes және App Store қолданбаларын табыңыз
- Apple ID-ді (Apple ID электрондық поштаңыз) басыңыз
- «Apple ID-ді көру» түймесін басыңыз
- Қажет болса, аккаунтқа кіріңіз
- «Жазылымдар» бөліміне дейін түсіп, оны басыңыз
- Tinder-ді таңдаған соң, «Жазылымнан бас тарту» түймесін басыңыз
Бұл экранда жазылымның соңғы күні көрсетілуі керек. Толық мәлімет алу үшін Apple қолдау көрсеті қызметі мақаласын оқыңыз.
Ескертпе: Жазылымыңыздан бас тартқаннан кейін, төлеп қойған жазылымның қалған күндерін пайдалана аласыз. Жазылымнан бас тартсаңыз, жазылымның қалған мерзімінің ақшасы қайтарылмайды және бұған дейін алынған жазылым ақысы бас тарту күніне қарай пропорционалды түрде үлестірілмейді. Қолданбаны және/немесе аккаунтыңызды жойсаңыз, жазылымыңыз тоқтатылмайды.
Android құрылғысының көмегімен Tinder Plus немесе Tinder Gold жазылымын сатып алған болсаңыз, төлеу әдісіне байланысты жазылымды тоқтату процесі әртүрлі болуы мүмкін.
Егер Google Play дүкені аккаунты арқылы жазылсаңыз:
- Google Play дүкенін ашыңыз
- Оң жақ мәзірдің көмегімен аккаунтты таңдаңыз
- «Төлемдер және жазылымдар» бөліміне өтіп, Tinder-ді таңдаңыз
- «Тоқтату» немесе «Жазылымнан бас тарту» функциясын таңдаңыз
- Растаңыз
Егер Android-та несиелік карта төлем опциясын пайдаланып жазылсаңыз:
- Android-қа арналған Tinder қолданбасын ашыңыз
- Негізгі экранның төменгі жағындағы профиль белгішесін түртіңіз
- «Төлем шотын басқару» түймесін таңдаңыз
- «Жазылымнан бас тарту» опциясын басыңыз
Ескертпе: Жазылымды тоқтатқаннан кейін төлеп қойған Tinder Plus немесе Tinder Gold жазылымдарының қалған күндерін пайдалана аласыз. Жазылымнан бас тартсаңыз, жазылымның қалған мерзімінің ақшасы қайтарылмайды және бұған дейін алынған жазылым ақысы бас тарту күніне қарай пропорционалды түрде үлестірілмейді. Қолданбаны және/немесе аккаунтыңызды жойсаңыз, жазылымнан бас тартылмайды.
Бас тарту кезінде қиындық туындап жатыр ма? Төменірек жерде бізге хабарлаңыз.
Tinder Plus немесе Tinder Gold жазылымына <a href="https://tinder.com/”>Tinder.com веб-сайтында жазылсаңыз, төменде көрсетілген қадамдарды жасап, жазылымнан бас тартуыңызға боалды:
- Tinder.com веб-сайтына кіріңіз
- Негізгі экранның жоғарғы жағындағы профиль белгішесін түртіңіз
- «Төлем шотын басқару» түймесін басыңыз
- «Автоматты жаңарту» функциясын өшіріңіз немесе «Бас тарту» түймесін басыңыз
Ескертпе: Жазылымнан бас тартқаннан кейін Tinder Plus немесе Tinder Gold жазылымының мерзімі аяқталғанға дейін пайдалана аласыз. Жазылымды тоқтатсаңыз, жазылымның қалған мерзімінің ақшасы қайтарылмайды және бұған дейін алынған жазылым ақысы бас тарту күніне қарай пропорционалды түрде үлестірілмейді. Қолданбаны және/немесе аккаунтыңызды жойсаңыз, жазылымнан бас тартылмайды.
Жазылымнан бас тарта алмай жатырсыз ба? Төменде ақау туралы хабарлаңыз.
Сатып алу транзакциясына байланысты қиындық туындағаны өкінішті!
Сатып алу транзакциясын қалпына келтіріп көріңіз, бұл әдетте мәселені шешуге көмектеседі:
- Tinder-ді ашыңыз
- Негізгі экранның төменгі жағындағы профиль белгішесін түртіңіз
- «Параметрлер» бөліміне өтіңіз
- Төмен түсіп, «Сатып алу транзакциясын қалпына келтіру» опциясын таңдаңыз
Мәселе шешімі табылмады ма? Төменде бізге хабарлаңыз.
Қолданбада танылмай тұрған Tinder жазылымыңыз болса, Tinder-дің соңғы нұсқасын пайдаланып жатқаныңызға көз жеткізіңіз және сатып алған функцияларды қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- Tinder-ді ашыңыз
- Негізгі экранның төменгі жағындағы профиль белгішесін басыңыз
- «Параметрлер» бөліміне өтіңіз
- Төмен түсіп, «Сатып алған функцияларды қалпына келтіру» функциясын таңдаңыз
Ескертпе: Сатып алған функцияны қалпына келтірсеңіз, картаңыздан қайта ақша алынбайды. Ол Tinder-дің белсенді жазылымын қалпына келтіреді.
Сатып алған функцияны қалпына келтіріп жатқанда, қиындыққа тап болсаңыз, төменде ол туралы хабарлаңыз және шығып жатқан қате туралы хаттың сипаттамасын немесе скриншотын жіберіңіз.
Сатып алған функцияларыңызға қатысты қиындықтар туындап жатқаны өкінішті! App Store немесе Google Play дүкені қолданбасынан Tinder-дің ең соңғы нұсқасын пайдаланып жатқаныңызға көз жеткізіп, қайталап көріңіз.
Егер мәселе шешілмесе, төмендегі сілтеме арқылы хабарлаңыз.
Өкінішті-ақ!
Егер әлдебіреу алаяқтық әрекет жасап, несиелік картаңыздың көмегімен Tinder-де бірдеңе сатып алса, төмендегі форманы толтырыңыз, сонда сізге дереу көмек көрсете аламыз.
Tinder-ге жазылған болсаңыз немесе жазылымды абайсызда сатып алсаңыз және сол жазылымға байланысты шотыңыздан мерзімді түрде ақша алынып тұрғанын қаламасаңыз, мына жердегі қадамдарды орындап, кез келген уақытта бас тарта аласыз. Ақшаңның қайтарылуын сұрау үшін осы форманың бас жағына оралып, «Шот-ұсыну және төлем жасауға қатысты көмек» > «Ақшамды қайтарғым келеді» тармағын таңдаңыз.
Қолданбада біреуге шағымдану үшін: Пайдаланушының профилін ашыңыз, төмен түсіп, «Шағымдану» опциясын таңдаңыз
Электрондық пошта арқылы біреудің үстінен шағым түсіру: Төмендегі форманы толтырыңыз. «Сипаттама» бөлімінде мүмкін болса, мынадай ақпаратты көрсетіңіз:
- Шағым түсіріп жатқан жағдай туралы мәлімет
- Бұл профильдің локациясы (қала, облыс, ел және т.б.)
- Профильде көрсетілетін адамның нақты аты-жөні, жасы және биографиясы
Фотосуреттері және басқа да тиісті ақпараты бар пайдаланушы профилінің скриншоттары болса, оларды төменге тіркеңіз. Мәліметті қаншалықты көп берсеңіз, профильді соншалықты жылдам анықтап, тергеу жұмыстарын бастай аламыз.
Ескертпе: Шағымдану арқылы бізге барлық қатысты ақпаратты, оның ішінде жіберген және келген хаттарды, профиль туралы ақпараты және т.б. деректі тексеруге рұқсат етесіз. Біз тиісті шара қолдану үшін өзімізге қажетті ақпаратты ғана тексереміз. Шағымыңыз бен жеке басыңызға қатысты ақпарат құпия болып қалады.
Қауіпсіздігіңіз біз үшін өте маңызды. Егер сізге немесе сіз танитын адамға физикалық қауіп төніп тұрса, дереу құзырлы органдарға хабарласып, көмек сұраңыз.
Қауіпсіздігіңіз біз үшін өте маңызды. Егер сізге немесе сіз танитын адамға физикалық қауіп төніп тұрса, дереу құзырлы органдарға хабарласып, көмек сұраңыз.
Мен танитын адамның атын әлдебіреу жамылып жүр:
Атын жамылып жүрген адам ғана электрондық пошта арқылы шағым түсіре алады, дегенмен сіз:
Әлдебіреу атын жамылып жүрген адам сіздің өкілеттілігіңіздегі адам (яғни, балаңыз, клиентіңіз) болса, төмендегі форманы толтырып, бізге шағымданыңыз.
Әлдебіреу менің атымды жамылып жүр:
Егер әлдебіреу Tinder профилін жасап, сіздің атыңызды жамылып жүрсе, төмендегі форманы толтырыңыз.
Сипаттамаға мынадай ақпарат жазыңыз:
Мұндай жағдайда скриншоттар өте маңызды. Әсіресе, адамның аты-жөні/жасы/биографиясы көрсетілген профильдің скриншоты болғаны дұрыс. Мәліметті қаншалықты көп берсеңіз, профильді соншалықты жылдам анықтап, тергеу жұмыстарын бастай аламыз.
Ескертпе: Шағымдану арқылы бізге барлық қатысты ақпаратты, оның ішінде жіберген және келген хаттарды, профиль туралы ақпараты және т.б. деректі тексеруге рұқсат етесіз. Біз тиісті шара қолдану үшін өзімізге қажетті ақпаратты ғана тексереміз. Шағымыңыз бен жеке басыңызға қатысты ақпарат құпия болып қалады.
No problem! Our team would be happy to investigate and help out.
Егер бір адамға физикалық қауіп төніп тұрса, дереу құзырлы органдарға хабарласып, көмек сұраңыз.
Егер сіз немесе сіз танитын адам эмоционалдық немесе суицидтік күйзелісте жүрсе, туындаған мәселеге қатысты құлақ асатын, көмектесетін, қолдау көрсететін және бағыт-бағдар беретін адамдар бар.
- АҚШ-та: Суицидтің алдын алу жөніндегі ұлттық желіге хабарласыңыз: 1-800-273-TALK (8255). Ол суицидтің алдын алуға арналған әрі тәулік бойы жұмыс істейтін тегін конфиденциалды жедел желі.
- Басқа елдер: Суицидтің алдын алуға арналған халықаралық ассоциацияның веб-сайтына кіріңіз, онда әлем бойынша ресурстар және дағдарыс жөніндегі орталықтар бар.
Егер қауіпсіздікке қатысты мәселені тікелей бізге жеткізгіңіз келсе, төмендегі форманы толтырыңыз.
Ескертпе: Хабар беру арқылы барлық тиісті ақпаратты, оның ішінде жіберген және келген хаттар, профиль туралы ақпарат және т.б. деректерді тексеруге рұқсат бересіз. Біз тиісті шара қолдану үшін өзімізге қажетті ақпаратты ғана тексереміз. Шағымыңыз бен жеке басыңызға қатысты ақпарат құпия болып қалады.
Tinder аккаунтыңызға телефон нөмірі арқылы кірсеңіз: Қауіпсіздік мақсатында аккаунтқа кіру үшін SMS верификациясынан өту керек. Біреу сіздің телефоныңызды, телефон нөміріңізді иемденіп алмаса және/немесе телефон нөміріңізге жіберген SMS верификация кодтарының біріне иелік етпесе, ешкім сіздің аккаунтыңызды қолдана алмайды. Егер әлдебіреу аккаунтыңызды рұқсатсыз пайдаланып жүрсе, аккаунтты қалпына келтіру процесін пайдаланып, кіру рұқсатын қайта алуды ұсынамыз:
- Tinder.com веб-сайтына өтіңіз
- «Кіру» түймесін басыңыз
- «Кіре алмай жатырсыз ба»? деген опцияны таңдаңыз
- «Электрондық пошта арқылы кіру» түймесін басыңыз
- Tinder аккаунтыңызға байланыстырылған электрондық мекенжайды енгізіңіз
Әлі де көмек керек пе? Төменде бізді хабардар етіңіз.
Ескертпе: Шағымдану арқылы бізге барлық қатысты ақпаратты, оның ішінде жіберген және келген хаттарды, профиль туралы ақпараты және т.б. деректі тексеруге рұқсат етесіз. Біз тиісті шара қолдану үшін өзімізге қажетті ақпаратты ғана тексереміз. Шағымыңыз бен жеке басыңызға қатысты ақпарат құпия болып қалады.
Жеке деректеріңіздің көшірмесін сұрау үшін Tinder-дегі «Аккаунтымның құралын басқару» бетін ашып, аккаунтыңызға қауіпсіз кіріп, «Деректерімді жүктеп алу» түймесін басып, электрондық мекенжайыңызды енгізіңіз.
Сіздің электрондық поштаңызға бірнеше күннің ішінде деректерді жүктеп алуға арналған сілтеме келеді. Құпиялылығыңыз бен қауіпсіздігіңізді қорғау үшін, электрондық хат жіберілгеннен кейін бұл сілтеменің мерзімі 24 сағат ішінде аяқталады.
«Аккаунтымды басқару құралы» арқылы алатын ақпараттың көбі (мысалы, электрондық поштаңыз, телефон нөміріңіз, профиль фотосурет(тер)іңіз, хаттарыңыз және параметрлеріңіз) сізге қолданба арқылы қолжетімді және Tinder-ді қалай пайдаланғаныңызға байланысты өзгеруі мүмкін. Жалпы, бұл ақпаратқа бізге тікелей немесе әлеуметтік желі аккаунттары арқылы берген контент пен фотосуреттеріңіз, сонымен қатар сіз жіберген хаттар және Tinder сияқты қызметтен күтетін басқа дерек кіреді.
Егер Tinder аккаунтыңызды жойған болсаңыз, «Аккаунтымды басқару құралын» пайдалана алмайсыз, себебі аккаунтыңыз жоқ. Оның орнына біздің байланыс формамыздағы ашылмалы мәзірден «Деректерім туралы басқа сұрағым бар» опциясын таңдап өтініш жібере аласыз. Аккаунтты жойған кезде, деректеріңіз біздің Құпиялылық саясатымызға сай жойылады.
Толық ақпарат алу үшін біздің «Жеке деректерімнің көшірмесін қалай сұрауға болады?» бөлімін жиі қойылатын сұрақтардан қараңыз.
Егер алған деректеріңіз бойынша көмек керек болса немесе сұрақтарыңыз болса, біздің байланыс формамыздағы «Деректерім туралы басқа сұрағым бар» опциясын таңдап немесе Қолдау қызметінен алған электрондық хатқа жауап беру арқылы өтініш жібере аласыз. Tinder-дің Деректерді қорғау бөліміне қалай хабарласу туралы ақпарат алу үшін Жиі қойылатын сұрақтар бөлімін қараңыз.
Кейбір сұрағыңыздың жауабы Құпиялылық саясатында немесе Жиі қойылатын сұрақтар бөлімінде болуы мүмкін.
Іздегеніңізді таппасаңыз, төмендегі ақпаратты пайдаланып, бізге хабарласыңыз.
This form is intended for individuals located in the United States who are reporting Non-Consensual Intimate Images (NCII) or deepfakes under the U.S. TAKE IT DOWN Act (Public Law 119-12). If you are located in the United States and are reporting NCII or deepfakes on our platform, please use this form to provide as much information as possible.
Note: If you are not located in the United States, or if you wish to report content other than NCII or deepfakes, please use our in-product reporting tools or this contact form.
To help us locate and remove the content you are reporting as quickly as possible, please complete all required fields and provide as much detail as possible regarding the reported content. If possible, include screenshots, profile information, or links associated with the content. If you are submitting a report on behalf of another individual, please indicate your relationship to that individual or your authorization to act on their behalf.
We will contact you if more information is needed to process your report.
Have a thought? We'd love to hear it!
While we do review and track these reports, please note that we may not reply to every one of you individually. However, you can trust that your feedback is heard, escalated whenever necessary, and helps us improve the Tinder experience for everyone!
Note: By reporting, you authorize us to review all relevant information, including exchanged messages, profile information, etc. We will only review sufficient information to take appropriate action. Your report and identity will remain confidential.
Авторлық құқығы қорғалған жұмысыңыз Tinder-де сіздің рұқсатынсыз жарияланған болса, осы форманы пайдаланып, авторлық құқықтың бұзылуына байланысты материалды жою туралы өтініш жібере аласыз.
Тек авторлық құқық иесі немесе оның заңды өкілі (мысалы, адвокаты) авторлық құқықтың бұзылғандығы туралы шағым түсіре алады. Егер сіз авторлық құқық иесі немесе оның заңды өкілі болмасаңыз, шағым түсіре алмайсыз. Бұл форманы теріс пайдалансаңыз, мысалы, сізге тиесілі емес контентті жою туралы өтініш жіберсеңіз, Tinder аккаунтыңыз жабылып қалуы ықтимал.
Адамның атын жамылуға қатысты ескертпе: Егер әлдебіреу сіздің атыңызды жамылып, Tinder аккаунтын жасаған болса, жоғарыда көрсетілген ашылмалы мәзірді пайдаланып, «Біреу менің атымды жамылып жүр» деген опция бойынша шағым жіберіңіз. Авторлық құқығы бұзылған материалды жою формасын атыңызды жамылып жүрген жағдайда пайдалансаңыз, көмек кешігуіне әкелуі мүмкін.
This form is intended for individuals located in the European Economic Area (EEA), and/or authorized Trusted Flaggers under Article 22 of the Digital Services Act (DSA). If you belong to either of these categories, you can use this form to report content on Tinder that you believe is illegal in the EEA.
Note: If you're not located in the EEA, not an authorized Trusted Flagger, or you wish to report content for reasons other than its legality, please use our in-product reporting tools or this contact form.
To ensure a thorough and efficient review of your report, please complete all required fields. Provide detailed descriptions of the content and explain why you consider it to be unlawful. If possible, attach a screenshot of the profile associated with the content. If you’re a Trusted Flagger, please use your organizational email address to complete the form.