Төлқұжат режимі деген не?
Төлқұжат режимінің арқасында адамдарды қала бойынша іздей аласыз немесе картаға түйреуішті қойып, өзіңіз таңдаған қаладағы адамдармен байланыс орната аласыз. Қазіргі локация мен жаңа межелі орындар арасында шарлаңыз!
Төлқұжат режимі жеке сатып алу ретінде және Tinder жазылушыларына Tinder Plus®, Tinder Gold™ және Tinder Platinum™ пакеттерінің бір бөлігі ретінде қолжетімді.
Ескеріңіз: Бет верификациясы талап етілетін аймақтарда Төлқұжат режимін пайдалануға тырыссаңыз, Бет верификациясыннан өтуіңіз қажет. Сол аймақта Төлқұжат режимін пайдаланып болған соң, Бет верификациясынан бас тартуға болады. Толығырақ ақпарат алу үшін осы Бет верификациясы туралы мақаланы оқыңыз.
Қалай жазылуға болады?
- Tinder-ді ашыңыз
- Профиль белгішесін
түртіңіз
- Параметрлер белгішесін
түртіңіз
- Tinder Plus®, Tinder Gold™, немесе Tinder Platinum™ қызметін алу опциясын таңдаңыз
- Сатып алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз
Төлқұжат режимінің көмегімен локациямды қалай өзгертемін?
- Tinder-ді ашыңыз
- Профиль белгішесін
түртіңіз
- Параметрлер белгішесін
түртіңіз
- Төмен түсіп, Локация опциясын түртіңіз
- Жаңа локация қосыңыз
Төлқұжат режимімен қанша қаланы көре аламын?
Виртуалды тұрғыда тек 1 қалада бола аласыз, бірақ локацияңызды қалағаныңызша өзгерте бересіз. Төлқұжат режимінің функциясын пайдалана жатып, сіз лайк басқан адамдар локация(лары)ңызды өзгерткеннен кейін профиліңізді 24 сағат көре алады.