Таңдаулылар — Tinder Gold және Platinum жазылушыларына арналған премиум функция*, ең лайкқа лайық ықтимал жұптарыңызды ерекшелеу үшін жасалған. Барлық пайдаланушылар күніне 1 тегін Таңдаулы профиль алса, Tinder Gold және Platinum жазылушылары күнделікті өздерінің Таңдаулылар жиынтығын көре алады.
Таңдаулыларды көру үшін Танысу экранындағы Gold немесе Platinum отты белгішесін пайдаланыңыз.
- Егер Таңдаулылар тізіміндегі профильдерді ашып көргіңіз, оларға свайп басып немесе Super Like жібергіңіз келсе, Tinder Gold немесе Platinum жазылымына өтіңіз. Тек асығыңыз, 24 сағаттан кейін Таңдаулылар экраны жаңартылып, мүлдем жаңа профильдер жиынтығы пайда болады.
- Көбірек Таңдаулы профильдер керек пе? Біз мұны да ескердік: Tinder Gold немесе Platinum жазылушысы болғандықтан, қалаған кезіңізде қосымша пакеттерді сатып ала аласыз.
- Есіңізде болсын, сіз бүкіл әлем бойынша ең үздік Таңдаулыларды көру үшін Төлқұжат мүмкіндігін пайдалана аласыз.
*Назар аударыңыз: Таңдаулылар кейбір нарықта қолжетімді болмауы мүмкін.
Мен көп Таңдаулы профильдерді сатып алғанмын, бірақ олар жоғалып кетті.
Tinder Gold немесе Platinum жазылушысы ретінде күнделікті Таңдаулы профильдеріңіз әр 24 сағатта жаңартылып отырады. Қосымша Таңдаулыларды сатып алсаңыз, олар жоғалғанға дейін көруге немесе свайп жасауға 24 сағатыңыз бар.