Танысу параметрлерін жаңарту
Танысу– басқа адамдардың профильдерін көруге болатын Tinder-дің бір бөлігі. Танысу параметрлерін өзгертіп, іздеу параметрлерін реттеуіңізге және Танысқанда кімді көретініңізді басқаруыңызға болады.
Танысу параметрлерін өзгерту үшін:
- Tinder-ді ашыңыз
- Профиль белгішесін түртіңіз
- Параметрлер бөліміне өтіңіз
- Танысу бөліміне түсіңіз
Осы жерде сексуалды ориентация, жас және қашықтық сияқты Танысу параметрлерін жаңартып, Tinder-де сізге көрсетілетін адамдардың сипаттамаларын реттей аласыз.
Қосымша жағдайлар
Қашықтық және жас сияқты сипаттама бойынша ұсынылған профильдердің барлығын қарап шыққан соң, ол сипаттамалардан тыс профильдерді көрсетуіміз мүмкін. Бұл параметрлер сіз үшін қатты маңызды ма? Танысу параметрлерінің әрқайсысында ауыстырып қосуға арналған сырғытқы болады, олардың көмегімен аталмыш параметрлерден тыс профильдерді көрсетуге болатынын немесе болмайтынын басқара аласыз.
Танысу функциясын өшіру
Танысу функциясын өшірсеңіз, Tinder-ді жаңадан пайдаланып жатқан адамдарға профиліңіз көрсетілмейді*, бірақ жұптарыңызды бұрынғыдай көріп, олармен сөйлесе бересіз.
Профиліңізді жасыру үшін:
- Tinder-ді ашыңыз
- Профиль белгішесін түртіңіз
- Параметрлер бөліміне өтіңіз
- Танысу бөліміне түсіңіз
- Танысу функциясын қосуды табыңыз
- Ауыстырып қосқышты өшіріңіз
Ескертпе: Танысу функциясын өшіріп қойғанға дейін сіз лайк басқан адамдар сіздің профиліңізді көре алады және сізге лайк та баса алады. Яғни, Танысу функциясы өшіп тұрса да, жаңа жұптар таба аласыз.