Жұбыңызды тапсаңыз немесе жай ғана үзіліс алғыңыз келсе, жазылымнан төменде көрсетілгендей бас тарта аласыз, сонда болашақта сізден ақы алынбайды.
iOS жүйесінде сатып алынатын функциялар
Тапсырыс нөміріңіз MK деп басталатын болса, iOS жүйесіне арналған Tinder қолданбасында сатып алғансыз және шотты Apple жіберіп отыр.
Apple құрылғысында бас тарту үшін:
- Параметрлерді ашыңыз
- Жоғарғы жақтағы атыңызды түртіңіз
- Жазылымдар опциясын түртіңіз
- Бас тартқыңыз келетін жазылымды тауып, оны таңдаңыз
- Жазылымнан бас тарту түймесін басыңыз
Қосымша көмек керек болса, Apple қолдау орталығына хабарласып, көмек сұраңыз.
Есіңізде болсын: Apple Pay және онлайн төлем опциялары белгілі бір нарықтарда ғана жұмыс істейді. Осы әдістердің бірі арқылы жазылған болсаңыз, Tinder.com сайтында сатып алынатын функциялар бөліміндегі нұсқауларды қараңыз.
Android-та сатып алынатын функциялар
Тапсырыс нөміріңіз GPA деп басталатын болса, Android жүйесіндегі Tinder қолданбасы арқылы тіркелдіңіз және төлемді Google Play дүкенінде жасайсыз.
Android құрылғысында бас тарту үшін:
- Google Play қолданбасын ашыңыз
- Жоғарғы оң жақтағы профиль белгішесін түртіңіз
- Төлемдер мен жазылымдар > Жазылымдар тармағына өтіңіз
- Тоқтатқыңыз келетін жазылымды таңдаңыз
-
Жазылымнан бас тарту түймесін басыңыз
Басқа сұрақтарыңыз болса, Google Play қолдау орталығына хабарласыңыз.
Сонымен қатар Android қолданбасы арқылы тікелей несиелік картамен немесе PayPal шотымен төлеген болсаңыз:
- Android құрылғыңызда Tinder қолданбасын ашыңыз
-
Профиль белгішесін
түртіңіз
Төлем шотын басқару опциясын таңдаңыз - Тоқтатқыңыз келетін жазылымды табыңыз
- Жазылымнан бас тарту түймесін басыңыз
Басқа да көмек керек пе? Толық ақпарат алу үшін несиелік карта компаниясына немесе PayPal қолдау орталығына хабарласыңыз.
Tinder.com-да сатып алынатын функциялар
Тапсырыс нөміріңіз TNDR деп басталатын болса, Tinder.com сайтында немесе Android қолданбасы арқылы несиелік картамен сатып алдыңыз.
Бас тарту үшін:
- Tinder.com сайтына өтіп, аккаунтқа кіріңіз
-
Профиль белгішесін
түртіңіз
- Төлем шотын басқару опциясын таңдаңыз
- Тоқтатқыңыз келетін жазылымды табыңыз
- Жазылымнан бас тарту түймесін басыңыз
Техникалық ақаулар шығып қалды ма? Бізге хабарласып, мәліметтерді бөлісіңіз – міндетті түрде көмектесеміз.
Үшінші тараптан сатып алынатын функциялар
Үшінші тараптан сатып алсаңыз, ол Tinder қолданбасынан немесе tinder.com сайтынан тыс жерде жасалған болуы керек.
- Бас тарту үшін: Жоғарыда аталған бас тарту қадамдарының бірін орындай аласыз.
-
Ақшасын қайтаруды сұрау үшін: Сатқан орынға тікелей хабарласуыңыз керек.
Жазылымдардан бас тарту туралы қосымша мәлімет
- Қолданбаны жойсаңыз, жазылымыңыз тоқтатылмайды.
- Жазылымдарды бір уақытта тек 1 Tinder аккаунтымен байланыстыруға болады.
- Құрылғыларыңызды ауыстырсаңыз (мысалы, iOS-тан Android-қа), ескі құрылғыңыздағы жазылымды тоқтатуыңыз керек, себебі жазылымдарды бір платформадан екіншісіне тасымалдау мүмкін емес.
- Жазылымдардан бас тартпайынша, олар автоматты түрде жаңарып отырады.