Белгілі бір адамды Tinder-ден көргіңіз келмей ме? «Контактілерді блоктау» функциясы сізге көмектеседі. Құрылғыңыздағы контактілер тізімін Tinder-мен бөлісіңіз, блоктағыңыз келетін контактіні таңдаңыз, сонда екеуіңізді бір-біріңізге көрсетпейміз.
Бұл мақалада төмендегідей ақпарат бар:
Контактілерді блоктан шығару және ажырату
Tinder сіздің контактілер тізімін қалай өңдейді
Бұл функция туралы маңызды ескертпелер:
- Блокталған контактілерге оларды блоктап тастағаныңыз туралы хабарландыру бармайды
- Біреуді блоктасаңыз, оның Tinder аккаунты бар екенін білдірмейді
- Контактілерді блоктау қазіргі жұптарыңызға немесе хаттарыңызға әсер етпейді
- Біреуді блоктау үшін қолданған байланыс ақпараты оның тіркелген кезіндегі ақпаратымен сәйкес келмесе, бір-біріңізді көруіңізге кедергі бола алмаймыз
- Tinder параметрлеріне кіріп, «Контактілерді блоктау» функциясымен контактілерді бөлісуді тоқтата аласыз
- Контактілеріңізді пайдалану рұқсатын бергіңіз келмесе, контактіні қолмен енгізу опциясын ұсынамыз
Контактіні блоктау
Біреуді блоктау үшін Tinder-мен контактілерімді қалай бөлісе аламын?
Оп-оңай! Құрылғыңыздағы контактілер тізімін Tinder-мен бөлісіңіз және блоктағыңыз келетін контактілерді таңдаңыз:
- Tinder-ді ашып, профиль белгішесін түртіңіз
- «Параметрлер» бөліміне өтіңіз
- Төмен түсіп, «Контактілерді блоктау» опциясын таңдаңыз
- Tinder қолданбасына контактілеріңізді пайдалану рұқсатын беріңіз
- «Контактілер» қойындысында контактілер тізімінен көргіңіз келмейтін адамдарды таңдаңыз
- «Контактілерді блоктау» түймесін түртіңіз
Бұл функцияны пайдаланған сайын, контактілер тізімін құрылғыңыздан шығарып береміз, сонда кімді блоктағыңыз келгенін таңдай аласыз. Бұл функциядан шығып кеткенде, сіз блоктаған адамдарға қатысты контактілер ақпаратын (мысалы, аты-жөні, электрондық мекенжайы және/немесе телефон нөмірі) ғана сақтаймыз.
Контактіні қолмен енгізе аламын ба?
Иә. Контактілеріңізді Tinder-мен бөліскіңіз келмесе немесе контактілеріңізде сақталмаған біреуді блоктағыңыз келсе, байланыс ақпаратын қолмен енгізуіңізге болады. Ол үшін:
- 1-3 қадамдарды орындаңыз
- Содан кейін экранның жоғарғы жағындағы «+» белгішесін басыңыз
- Сол адамның байланыс ақпаратын енгізіп, «Дайын» түймесін басыңыз
Контактілерді блоктан шығару және ажырату
Біреуді блоктан қалай шығаруға болады?
«Контактілерді блоктау» функциясындағы контактіні блоктан шығару үшін мына қадамдарды жасаңыз:
- Tinder-ді ашып, профиль белгішесін түртіңіз
- «Параметрлер» бөліміне өтіңіз
- Төмен түсіп, «Контактілерді блоктау» опциясын таңдаңыз
- «Блокталған» қойындысына өтіңіз
- Блоктан шығарғыңыз келетін әрбір блокталған контактінің жанындағы «Блоктан шығару» функциясын түртіңіз немесе жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәзір белгішесін түртіп, «Барлығын блоктан шығару» опциясын таңдаңыз
Құрылғымның контактілер тізімін Tinder-мен бөлісуді қалай тоқтата аламын?
Осы функция мен құрылғыңыздың контактілер тізімі арасында ақпарат алмасуды өшіргіңіз келсе, төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
- 1-3 қадамдарды орындаңыз
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәзір белгішесін түртіңіз
- «Контактілер тізімін ажырату» опциясын таңдаңыз
Контактілер тізімін ажыратсаңыз, блокталған контактілеріңіздің қазіргі тізімі өзгермейді. Құпиялылықты сақтау үшін бізге ол контактілерді блоктан шығару керектігін айтқанға дейін, ол контактілер блокталған күйде қалады.
Tinder менің контактілер тізімімді қалай өңдейді?
Егер бұл функцияны пайдаланатын болсаңыз, біз сіздің контактілер тізіміңізді пайдаланып, Tinder-де көргіңіз келмейтін контактілерді жылдам әрі оңай таңдай алуға мүмкіндік береміз. «Контактілерді блоктау» функциясына кірген сайын, контактілер тізіміңізді құрылғыңыздан шығарып береміз, сонда кімді блоктағыңыз келгенін таңдай аласыз. Бұл функциядан шығып кеткенде, сіз блоктаған адамдардың байланыс ақпаратын (мысалы, аты-жөні, электрондық мекенжайы және/немесе телефон нөмірі) ғана сақтаймыз. Блоктаған контактілерді көрмеуіңіз үшін және олар сізді көрмеуі үшін осы ақпаратты пайдаланамыз (бірақ олар аккаунтты жасағанда, сіз жүктеп салған байланыс ақпаратын пайдалануы керек).
Жеке басыңызға қатысты ақпарат пен құпиялылық сіз үшін өте маңызды екенін жақсы түсінеміз және олар біз үшін де өте маңызды екенін айтқымыз келеді. Құпиялылыққа қатысты толық ақпарат алғыңыз келсе, Құпиялылық саясатын оқып шығыңыз.