Tinder-ге қош келдің!
Tinder деген не?
2012 жылы Tinder колледж кампусында жарық көрді, содан бері жаңа адамдармен танысуға арналған әлемдегі ең танымал қолданбаға айналды. Tinder – мүмкіндіктер әлемінде жасалған орын. Бұл адамдармен қарым-қатынас орнатып, одан әрі қарай нығайту мүмкіндігі.
Tinder – өте қызық әрі қарапайым қолданба. Оңға қарай свайп жасап, біреуге лайк жіберіңіз, егер ол сізді ұнатса, жұп пайда болды деген сөз! Шексіз мүмкіндіктер әлеміне кіруге дайын болыңыз.
Минималды жас шектеуі қандай?
Tinder-ді қолдану үшін пайдаланушының жасы кемінде 18-де болуы керек. Егер біздің жас шегіне сай келмей Tinder қолдануға шектеу қойылса, 18-ге толғанша тіркелуді жалғастыра алмайсыз.
Tinder-ді әлемнің кез келген жерінде пайдалана аламын ба?
Tinder – әлемдік онлайн танысу платформасы, ол 190-нан астам елде және 40-тан астам тілде қолжетімді. Кездесуге, жаңа адамдармен танысуға, араласатын ортаңызды ұлғайтуға немесе саяхат кезінде жергілікті адамдармен танысуға құмарсыз ба? Олай болса, дұрыс жердесіз.
Tinder тегін бе?
Tinder қолданбасын App Store-дан және Google Play-ден тегін жүктеп алуыңызға немесе Tinder.com сайтына кіріп, Tinder-дің веб-нұсқасын пайдалана аласыз. Тегін нұсқасында жұп болуға, чат арқылы сөйлесуге және байланыс орнатуға болады.
Plus, Platinum немесе Gold нұсқаларына ауысып, Tinder-дің қосымша функцияларын пайдалана аласыз! Осы жазылым жоспарлары туралы толық ақпарат оқып, өзіңізге лайықтысын табыңыз.
Жұмыс істейтін платформалар мен құрылғылар
Tinder қазір Android және iOS құрылғыларында қолжетімді. Мобильдік қолданбаларымызбен қатар, Tinder.com сайтына кіріп, Tinder-дің веб-нұсқасын пайдалана аласыз.
Tinder қазір iOS 16.0 және одан жоғары, Android 10.0 және одан жоғары, сондай-ақ барлық негізгі веб-браузердің (Chrome, Firefox, Safari, Edge және т.б.) соңғы нұсқаларында жұмыс істейді.