Tinder 190 елде және 60 тілде қолжетімді. Тіл параметрлерін қолданбада немесе Tinder.com сайтында өзгерту үшін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Android және iOS
Қолданба ішінде тілді өзгерту мүмкіндігі жоқ. Қолданбада көрсетілген тіл құрылғыңыздың тіл параметрлеріне байланысты.
- Android пайдаланушылары: Google-дың қолдау көрсету бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.
- iOS пайдаланушылары: Apple-дың қолдау көрсету бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыңызға және құрылғыңыздағы Android немесе iOS операциялық жүйесінің нұсқасына байланысы құрылғы параметрлерінен өзіңізге ыңғайлы тілді орната аласыз. Ол үшін Android жүйесінде Жүйе > Тілдер > Қолданба тілдері бөліміне, ал iOS жүйесінде Қолданбалар > Tinder бөліміне кіріңіз.
Tinder.com/Web
- Tinder.com сайтына кіріңіз
-
Экранның жоғарғы жағындағы
Профиль белгішесін басыңыз
- Тіл бөліміне өтіңіз
- Тізімнен қажетті тілді таңдаңыз