Фотосурет верификациясы деген не?
Фотосурет верификациясынан қарай өтемін?
Мен өткен Фотосурет верификациясы неге қабылданбады?
Фотосурет верификациясынан өткен соң, верификациядан қайта өтуім керек пе?
Фотосурет верификациясы деген не?
Фотосурет верификациясы сізбен жұп болуы мүмкін пайдаланушыларға профиліңіздегі фотосуретіңізге ұқсайтын не ұқсамайтыныңызды анықтауға мүмкіндік береді. Фотосурет верификациясынан өту үшін бетті тану технологиясын пайдаланып, қысқаша видеоселфи жіберуіңіз керек.
Фото верификациясы сияқты функциялар Tinder-де неғұрлым саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі, сондықтан Tinder-ді жаңа адамдармен танысуға қауіпсіз орынға айналдыруға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз! Дегенмен, көк белгі біреудің Tinder-ге ұсынған фотосуреттеріне сүйене отырып, өзін кім деп таныстырса, сол адам екендігінің белгісі болуы мүмкін екенін, бірақ ол басқа Tinder пайдаланушысы берген ақпараттың шынайылығына кепілдік бермейтінін түсінуіңізді сұраймыз. Сондай-ақ, бұл белгі өз пайымдауыңыз бен қырағылығыңызды алмастырмауы тиіс (және ең бастысы, біз ұсынатын Танысу кезінде қауіпсіздік кеңестерімен танысып, ықтимал жұбыңыздың шынымен кім екенін растау үшін өзіндік ізденіс жасауды ұмытпаңыз).
Фотосурет верификациясынан қарай өтемін?
Фотосурет верификациясы үшін келесі әрекеттерді орындап, қажетті қысқа видеоселфиді ұсынуыңыз керек:
- Tinder-ді ашып, профиль белгішесін түртіңіз
- Аты-жөніңіз жанындағы сұр түсті құсбелгіні басыңыз
- «Верификациядан өту» опциясы пайда болғанда, Жалғастыру түймесін таңдаңыз
- Егер бұған дейін верификациядан өтпесеңіз, Tinder-ге камераңызды пайдалануға рұқсат беріңіз
- Бетіңізді сопақ жақтаудың ішіне орналастырып, Дайынмын түймесін басыңыз
- Экрандағы нұсқауларды орындап, қысқа видеоселфи жіберіңіз
Фотосурет верификациясына қатысты өтінішіңізді өңдеуге бірнеше минут қана кетеді. Мақұлданғаннан кейін, ол туралы хабарландыру жіберіп, профиліңізде «Фотосурет расталды» деген құсбелгі пайда болады.
Мен өткен Фотосурет верификациясы неге қабылданбады?
Оның негізгі себептері мынадай:
- Берілген жақтаудың ішінде бет дұрыс көрінбейді
- Бет жабылып тұр немесе оған бірдеңе кедергі
- Беттің эмоциясыз қалпы жетіспейді
- Видео жарқын және/немесе анық емес
- Видеодағы адам Tinder профилінде тұрған фотосурет(тер)дегі адамға сәйкес келмейді
Фотосурет верификациясынан өткен соң, верификациядан қайта өтуім керек пе?
Профиліңіздегі фотосуреттердің біреуін немесе бірнешесін жойсаңыз, бұл процестен қайта өтуіңіз қажет болуы мүмкін. Фотосурет верификациясынан өткеннен кейін жүктеп салған жаңа фотосуреттеріңізді де Фотосурет верификациясынан өткізу керек және олар Фотосурет верификациясы статусына әсер етеді.
Басқа да көмек керек пе?
Фотосурет верификациясына қатысты көмек керек болса, бізбен хабарласыңыз.