Аккаунтыңызды жойдыңыз, бірақ қайта оралғыңыз келе ме? Қайта пайдалану үшін былай істеу керек.
90 күннің ішінде профиліңізді қалпына келтіру
Егер профиліңізді жойған күннен бастап 90 күн өтпесе, бұрыңғы деректеріңізбен Tinder аккаунтын қайта жасап, аты-жөніңіз, жасыңыз және жынысыңыз сияқты кейбір профиль ақпаратын қалпына келтіруге болады.
90 күннен кейін профильді қалпына келтіру
Егер профиліңізді жойғаныңызға 90 күннен асып кетсе, жаңа аккаунтты басынан ашуыңыз керек болады.
Біз қандай ақпаратты қалпына келтіре алмаймыз
Аккаунтыңызды жойған соң, 90 күн ішінде қайта кірсеңіз де, хаттарыңыз, жұптарыңыз, фотосуреттеріңіз және верификация белгішесі (егер бар болса) қалпына келтірілмейді.
Бет верификациясы процесін қайта өтуім керек пе?
Бұл бөлім тек сіздің аймағыңызда немесе Tinder-ге кіретін платформаңызда Бет верификациясы талап етілген жағдайда ғана қолданылады.
Аккаунтыңызды жойғаннан кейін 30 күн ішінде бұрынғы тіркеу деректеріңізбен Tinder-ге қайта кірсеңіз, Бет верификациясынан қайта өтудің қажеті болмайды. Оның орнына біз сақталған верификация деректерін пайдаланып, Бет верификациясы статусыңызды растау, қайталанатын аккаунттарды тексеру және жаңа профиль фотосуреттеріңізді растау үшін қолданамыз. Егер сақталған FaceMap жаңа профиль фотоларыңыздағы бетіңізбен сәйкес келсе, сізге «Фотосурет расталды» белгішесі беріледі.
Алайда 30 күннен кейін кірсеңіз, жаңа аккаунтыңыз үшін Бет верификациясы процесін қайта өтуіңіз сұралады. Өйткені растау деректері аккаунтыңызды жапқаннан кейін 30 күн ішінде жойылады.
Бет верификациясы жайлы мына жерден толығырақ оқыңыз.
Сатып алынған функцияларды қалпына келтіру
Алдыңғы аккаунтыңызбен байланыстырылған жазылымыңыз болса, Анықтама орталығына кіріп, сатып алынатын функцияларды қалпына келтіру қадамдарын орындаңыз.
Сатып алынатын функцияларды қалпына келтіру кезінде қиындық туындап жатыр ма? Ақауларды түзетуге қатысты кеңестер мына жерде жазылған.
Деректерді сақтау саясатымыз
Сіз аккаунтыңызды жойсаңыз, Tinder профиліңіз басқа пайдаланушыларға көрінбейді және деректеріңіз Құпиялылық саясатымызға сәйкес жойылады. Атап айтқанда, біз деректеріңізді 90 күн бойы «қауіпсіз сақтау кезеңі» ретінде сақтаймыз және осы уақыт аралығында аккаунтыңызды қайта ашсаңыз, оны қалпына келтіруге мүмкіндік береміз. 90 күннен кейін деректеріңіздің көп бөлігі Құпиялылық саясатымызға сәйкес жойылады. Толығырақ ақпарат алу үшін Құпиялылық саясатының 9-бөлімімен танысыңыз: Құпиялылық саясаты.