Қызығушылықтар функциясы жақсы көретін іс-шараларыңызды таңдауға және оларды профильде бөлісуге мүмкіндік береді. Қызығушылықтар функциясы – жұптарыңызды табудың және әңгіме-дүкен құра кетудің таптырмас жолы.
Профиліме Қызығушылықтарымды қалай қосамын?
- Tinder-ді ашып, профиль белгішесін түртіңіз
- Профиль фотосуретіңіздің жанындағы қалам белгішесін түртіңіз
- Төмен түсіп, «Қызығушылықтар» бөлімін таңдаңыз
- Кемінде 3 қызығушылықты таңдап, профиліңізге қосыңыз
- Өзгертулерді сақтау үшін Дайын түймесін басыңыз
Қызығушылықтарымның біреуін қалай өзгертуге болады?
- 1-3 қадамдарды орындаңыз
- «Белгіленген қызығушылықтар» түймесін түртіп, оларды профильден жойыңыз, ал сұр түсті «Қызығушылықтар» бөлімін басып, оларды профилге қосыңыз
- Өзгертулерді сақтау үшін Дайын түймесін басыңыз
Қызығушылықтарымның барлығын профилімнен қалай өшіруге болады?
- 1-3 қадамдарды орындаңыз
- Белгіленген қызығушылықтардың барлығын түртіп, олардың таңдау белгісін алып тастаңыз
- Дайын опциясын түртіңіз
- Профиліңізден Қызығушылықтардың барлығын жойғыңыз келетінін растаңыз
Профилімде көрсетілетін Қызығушылықтарымның ретін қалай өзгерте аламын?
Қызығушылықтарыңыз профиль параметрлерінде таңдалған ретпен көрсетіледі. Олардың ретін өзгерту үшін:
- 1-3 қадамдарды орындаңыз
- Қызығушылықтардың барлық таңдау белгісін алып тастаңыз
- Қызығушылықтарыңыздың қай ретпен көрсетілгенін қалауыңыз бойынша қайта таңдаңыз.
Бірінші таңдаған Қызығушылық профиліңізде бірінші болып көрсетіледі.
Қызығушылықтарым профилімде қалай көрінетінін алдын ала көре аламын ба?
- Tinder-ді ашып, профиль белгішесін түртіңіз
- Профиль фотосуретіңіздің жанындағы қалам белгішесін түртіңіз
- Профиль көрінісі қойындысын таңдаңыз
Өз профиліме қоса алмайтын Қызығушылықтары бар адамдарды не үшін көремін?
Қай жерде орналасқаныңызға байланысты Қызығушылықтар тізімі әртүрлі болуы мүмкін. Яғни өз профиліңізге қазірше қоса алмайтын Қызығушылықтарды таңдаған профильдерді кезіктіруіңіз мүмкін.