Photo Enhance – профиль фотосуретіңнің техникалық сапасын жақсартуға көмектесуге арналған құрал. Бұл жалпы фотосурет сапасын жақсарту үшін (мысалы, профиль фотосуретіңді анығырақ әрі жарығырақ ету үшін) жасалған. «Фотосуретті жақсарту» функциясы Android және iOS пайдаланушылары үшін кейбір елдерде сынақтан өтіп жатыр.
Фотосуретті жақсарту функциясын пайдалану
Егер фотосуретті жақсартудың жаңа мүмкіндігі қолжетімді болса, бұл туралы қолданба ішінде хабарландырулар аласың.
Ешқандай техникалық мәселе анықталмаса, профильді өңдеу бөлімінде Фотосуретті жақсарту ұсыныстарын көрмейсің, сондықтан кейде хабарландырулар келмеуі мүмкін. Оны өзің тексергің келсе, мына қадамдарды орындап, фотосуреттеріңнің кез келгеніне жақсарту функциясы қолжетімді екенін көре аласың:
- Tinder-ді ашып, профильге өт
- Фотосуреттерім бөлімінің астындағы Өңдеутүймесін түрт
- Егер фотосуреттеріңнің бірі сәйкес келсе, оны ашқан кезде сол фотосуретте Жақсарту белгішесін көресін
- Кеңейтілген нұсқаны көру үшін белгішені түрт және қаласаң, оны профиліңе қос
Фотосуретті жақсарту функциясын пайдалану
Фотосуретті жақсарту бұлыңғыр суреттер, жарықтың не экспозицияның дұрыс болмауы және анықтықтың төмендігі сияқты мәселелерді түзетуге көмектеседі. Жақсартылған фотосуретіңді қарап шығып, оны өшіру не профильде қалдыру туралы шешім қабылдай аласың. Жоғарыда сипатталғандай, Фотосуретті жақсарту бөліміне кіріп, кез келген уақытта бастапқы фотосуретіңе қайта орала аласың. Егер «Фотосуретті жақсарту» ұсынысын пайдаланбасаң, осы құрал туралы пікір қалдыру мүмкіндігі беріледі.
Есіңде болсын, бұл құрал саған көмектесуге арналғанымен, жүктеп салатын материалдарға өзің жауап бересің, соның ішінде жүктеп салатын фотосуреттеріңнің біздің Пайдалану шарттарына және Қауымдастық қағидаларына сай болуына да өзің жауаптысың.
Фотосуретті жақсарту функциясын пайдаланғандағы құпиялық пен қауіпсіздік
Фотосуретті жақсарту функциясы фотосурет сапасын арттыру үшін фотосурет сапасындағы мәселелерді анықтауға және жарықтық пен қанықтық сияқты (тағы басқа) фотосурет сипаттарын нысаналы түрде жақсартуды ұсынуға арналған. Фотосуретті жақсарту функциясы түпнұсқалықты сақтау және шынайы бейнеңді көрсету үшін жақсартылған фотосуреттің әлі де өзіңе ұқсайтынын растауға көмектесетін автоматты тексеруді де қамтиды. Дегенмен бұл функция әлі де тестілеу кезеңінде, ал жоғарыда айтылған қосымша пікірің уақыт өте келе функцияны жақсартуға көмектесуде біз үшін өте құнды. Сондай-ақ кез келген уақытта бастапқы күйіне қайтара алуың үшін, жақсартылған фотосуретті де, бастапқы фотосуретті де сақтап қоямыз.