Фото таңдағыш деген не?
Фото таңдағыш – альбомыңыздағы фотосуреттердің қайсысын профиль фотосуреттері ретінде қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік беретін құрал. Жасанды интеллектті қолданып, селфи түсіру немесе бар фотосуретті пайдалану арқылы профиліңізге арналған фотосуреттерді жылдам тауып, қалғанын Фото таңдағышқа тапсырыңыз. Бұл құрал тіркеліп жатқан кезде және профиль фотосуретін қосып жатқан кезде әрдайым қолжетімді болады.
Фото таңдағыш қалай жұмыс істейді?
Алдымен құрылғыңыздағы фотосуреттерді табу үшін қолданылатын биометрикалық деректерді жасау керек. Екі опцияның бірін таңдай аласыз: бет-әлпетіңіз көрініп тұрған профильдегі фотосуретіңізді қолдану немесе селфи түсіру.
Содан кейін бұл функция альбомыңыздан профиль фотосуреті ретінде жарамды болатын фотосуреттерді таңдайды. Жарық және композиция сияқты факторлары ескеріліп, профиль фотосуретіне лайық деп танылған бір сурет таңдалады. Бұл функция топтық фотосуреттерді немесе Пайдалану шарттары мен Қауымдастық қағидаларына қайшы келетін фотосуреттерді таңдамайды.
Соңында профиліңізге жүктеп салуға болатын фотосуреттерді таңдайсыз. Бұл – сізге көмектесуге арналған құрал, сондықтан қай фотосуретті жүктеп салатыныңызға және жүктеп салатын фотосуреттердің Пайдалану шарттарына және Қауымдастық қағидаларына қайшы келмеуіне, сондай-ақ Фото таңдағыш құралын пайдалану барысында қолданылуы мүмкін кез келген жергілікті заң талаптарының сақталуына өзіңіз жауапты болатыныңызды ескерген жөн.
Бұл бірінші қадамның жұмыс істеуі үшін, фотоальбомды және камераны толықтай немесе ішінара пайдалануға рұқсат беруіңіз керегін де ескеріңіз. Параметрлерді реттеп, кез келген уақытта пайдалану рұқсатының деңгейін өзгертуіңізге немесе бәрі дайын болған соң, барлық рұқсатты өшіруіңізге болады.
Фото таңдағыш менің деректерімді қалай пайдаланады?
Ең қызық жерін айтайық. Фото таңдағыш функциясы тек құрылғыңызда жұмыс істейді және оны кез келген уақытта толықтай басқара аласыз. Процестің әр қадамында деректеріңіз қалай қолданылатыны туралы толық мәлімет төменде көрсетілген:
- Профиль фотосуретін ұсыну: Бұл функцияны қолдану үшін профиль фотосуретін ұсыну мақсатында Фото таңдағыш биометрикалық деректерді пайдаланбайды. Оның орнына Tinder биометрикалық деректеріңізді жүктемей немесе бет-әлпетіңіздің ерекшеліктері туралы мәлімет жинамай, құпиялылықты сақтайтын құралды пайдаланып, профиль фотосуреттердің қайсысында бетіңіз анық көрінетінін анықтайды. Бұл процесс толықтай сіздің құрылғыңызда орындалады және Tinder профиль фотосуреттеріңізде қайсысында бет-әлпетіңіз бейнеленгені туралы ешбір ақпарат алмайды.
- Биометрикалық деректерді жасау және пайдалану: Биометрикалық деректер профиль фотосуретінен немесе видеоселфиден жасалады, содан кейін альбомыңыздағы фотосуреттермен салыстырылады. Tinder видеоселфиден, профиль фотосуретінен немесе альбомыңыздағы фотосуретерден жасалған биометрикалық деректердің ешқайсысын жинамайды, сақтамайды, пайдаланбайды немесе басқа да жолмен алмайды. Бұл процестердің барлығы тек құрылғыда ғана орындалады және бұл функцияды өшірген кезде, оның бір бөлігі ретінде қолданылған биометрикалық деректердің барлығы жойылады.
- Фотосуреттеріңізді сканерлеу: Tinder альбомыңыздағы ешбір фотосуретті жинамайды немесе пайдаланбайды. Сканерлеу және ұсыну процесі тек құрылғыңызда орындалады. Tinder профиліңізге жүктеп салатын фотосуреттерді ғана жинайды.
Ұсыныстарда достарыммен түскен фотосуреттерім неге жоқ?
Фото таңдағыш топтық фотосуреттерді таңдамайды. Сондықтан тек өзіңіздің фотосуреттеріңізді табу үшін ғана осы функцияны пайдаланғаныңыз жөн.
Маған ұсынылған фотосуреттер маған ұнамаса, ше?
Фото таңдағыш сіздің дұрыс түспей қалған суреттерін ұсынған жағдайда, байланыс формасын толтырып, бізге пікір жазуыңызды сұраймыз. Сен берген ақпараттың бұл функцияны жақсартудағы үлесі орасан зор.
Фото таңдағышты қандай құрылғыларда қолдануға болады?
Фото таңдағыш әлемдегі кез келген Android және iOS құрылғысы үшін қолжетімді.