Кейбір нарықтарда біз осы функцияның Apple компаниясының Vision фреймворкі арқылы профильге фотосурет таңдауға ұсыныстар беретін басқа нұсқасын сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл мақалада осы функцияның қалай қызмет атқаратыны түсіндіріледі.
Назар аударыңыз: Егер оның орнына Фото таңдағыш көрсетілсе, осы мақаланы оқып шығыңыз.
Жұмыс істеу қағидаты
Бұл функция фотосуреттің сапасын және онда бір адам не топ бейнеленгенін ескеріп, альбомыңыздан профильге жарайтын фотосуреттерді табуға көмектеседі. Өзіңіз бейнеленген фотосуреттерді табуға тырысу үшін бұл функция Apple компаниясының Vision фреймворкі арқылы биометриялық ерекшелік іздерін, яғни қазіргі Tinder профиліңіздегі және альбомыңыздағы фотосуреттерде бейнеленген беттердің сандық көріністерін жасайды. Tinder сіз бейнеленген болуы мүмкін фотосуреттерді табу үшін осы ерекшелік іздерін құрылғыңызда салыстырады. Профиліңізге қандай фотосуреттерді қосатыныңызды өзіңіз таңдайсыз.
Деректерім қалай пайдаланылады
Бұл талдау құрылғыңызда жүргізіледі. Ерекшелік іздері құрылғыңыздың жадында тек уақытша жасалып, пайдаланылады, Tinder-ге ешқашан жіберілмейді, сақталмайды және функциядан шыққанда жойылады.
Tinder тек профиліңізге қосуды таңдаған фотосуреттерді ғана алады. Фото таңдағыштағыдай, жүктеуді таңдаған фотосуреттер үшін өзіңіз жауаптысыз.
Бас тарту
Бұл функцияны пайдалану міндетті емес және фотосуреттеріңізді қолмен таңдай аласыз. Құрылғыңыздың параметрлерінде Tinder-дің альбомыңызға кіру рұқсатын кез келген уақытта қайтарып ала аласыз не шектей аласыз.
Фотосуреттерге қатысты басқа функциялар
Кейбір нарықтарда Tinder профильге қосуға болатын фотосуреттер мен тақырыптарды ұсыну үшін альбомыңызды қалауыңыз бойынша сканерлеу мүмкіндігін де ұсынады. Толығырақ білу үшін Фотосуретке негізделген ұсыныстар бөлімін қараңыз.