Назар аударыңыз: Кейбір аймақтардағы пайдаланушыларға бұл функцияның басқа нұсқасы (Ең жақсы қырыңызды анықтау) көрсетілуі мүмкін. Бұл функцияны көріп тұрсаңыз және қосымша ақпарат іздесеңіз, осы мақаланы оқып шығыңыз.
Фото таңдағыш деген не?
Фото таңдағыш – альбомыңыздағы фотосуреттердің қайсысын профиль фотосуреттері ретінде қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік беретін құрал. Жасанды интеллектті қолданып, селфи түсіру немесе бар фотосуретті пайдалану арқылы профиліңізге арналған фотосуреттерді жылдам тауып, қалғанын Фото таңдағышқа тапсырыңыз. Бұл құрал тіркеліп жатқан кезде және профиль фотосуретін қосып жатқан кезде әрдайым қолжетімді болады.
Фото таңдағыш қалай жұмыс істейді?
Алдымен құрылғыңыздағы өзіңіз бейнеленген фотосуреттерді табу үшін қолданылатын биометриялық деректерді жасау керек. Екі нұсқаның бірін таңдай аласыз: бет-әлпетіңіз көрініп тұрған профиль фотосуретін қолдану немесе селфи түсіру.
Содан кейін бұл функция альбомыңыздан профиль фотосуреті ретінде жарамды болуы мүмкін фотосуреттерді таңдайды. Бұл таңдау профильге арналған фотосуреттің сәтті шығуына ықпал ететін жарықтандыру, композиция және басқа да факторлар туралы білгенімізге негізделеді. Бұл функция топ фотосуреттерді немесе біздің Пайдалану шарттарына және Қауымдастық қағидаларына қайшы келуі мүмкін фотосуреттерді де іріктеуден алып тастайды.
Соңында ұсынылған фотосуреттердің қайсысын профиліңізге жүктейтініңізді таңдайсыз. Есіңізде болсын, бұл құрал сізге көмектесуге арналғанымен, жүктеп салатын материалдарға түптеп келгенде өзіңіз жауаптысыз. Жүктеп салатын фотосуреттеріңіздің біздің Пайдалану шарттарына және Қауымдастық қағидаларына, сондай-ақ Фото таңдағыш құралын пайдалануыңызға қатысты қолданылуы мүмкін кез келген жергілікті заңға сай болуына да өзіңіз жауап бересіз.
Сондай-ақ осы алғашқы қадамды орындау үшін фотосурет альбомыңызға толық немесе ішінара қол жеткізуге және камераңызды пайдалануға рұқсат беруіңіз керек екенін ұмытпаңыз. Параметрлерді өзгертіп, кез келген уақытта қол жеткізу деңгейін баптай аласыз немесе аяқтаған соң рұқсатты толығымен алып тастай аласыз.
Фото таңдағыш менің деректерімді қалай пайдаланады?
Ең қызық жерін айтайық. Фото таңдағыш функциясы тек құрылғыңызда жұмыс істейді және оны кез келген уақытта толықтай басқара аласыз. Процестің әр қадамында деректеріңіз қалай қолданылатыны туралы толық мәлімет төменде көрсетілген:
- Профиль фотосуретін ұсыну: Қолдану үшін профиль фотосуретін ұсыну мақсатында Фото таңдағыш биометрикалық деректерді пайдаланбайды. Оның орнына Tinder биометрикалық деректеріңізді жүктемей немесе бет-әлпетіңіздің ерекшеліктері туралы мәлімет жинамай, құпиялылықты сақтайтын құралды пайдаланып, профиль фотосуреттердің қайсысында бетіңіз анық көрінетінін анықтайды. Бұл процесс толықтай сіздің құрылғыңызда орындалады және Tinder профиль фотосуреттеріңізде қайсысында бет-әлпетіңіз бейнеленгені туралы ешбір ақпарат алмайды.
- Биометриялық деректеріңізді жасау және пайдалану: Биометриялық деректер профиль фотосуретінен немесе бейнеселфиден жасалады, содан кейін альбомыңыздағы фотосуреттермен салыстырылады. Tinder бейнеселфиіңізден, профильдегі фотосуретіңізден немесе альбомыңыздағы фотосуреттерден жасалған ешқандай биометриялық деректерді жинамайды, сақтамайды, оларға кірмейді немесе оларды өзге жолмен алмайды. Бұл процестердің барлығы тек құрылғыда ғана орындалады және бұл функцияны өшірген кезде, оның бір бөлігі ретінде қолданылған биометриялық деректердің барлығы жойылады.
- Фотосуреттеріңізді сканерлеу: Tinder альбомыңыздағы ешбір фотосуретті жинамайды немесе оларға кірмейді, ал белгілі бір фотосуреттерді сканерлеу және ұсыну процесі толығымен құрылғыңызда орындалады. Tinder сіз профиліңізге жүктегіңіз келетін фотосуреттерді ғана жинайды.
Ұсыныстарда достарыммен түскен фотосуреттерім неге жоқ?
Фото таңдағыш топпен түскен фотосуреттерді таңдамау үшін жасалған. Сондықтан тек өзіңіздің фотосуреттеріңізді табу үшін ғана осы функцияны пайдаланғаныңыз жөн.
Маған ұсынылған фотосуреттер маған ұнамаса, ше?
Фото таңдағыш сіздің дұрыс түспей қалған суреттерін ұсынған жағдайда, байланыс формасын толтырып, бізге кері байланыс беруіңізді сұраймыз. Сіз берген кері байланыс осы функцияны жақсартудағы үлесі орасан зор.
Фото таңдағышты қандай құрылғыларда қолдануға болады?
Фото таңдағыш әлемдегі кез келген Android және iOS құрылғысы үшін қолжетімді.