Аккаунтыңызды жойғанда, Tinder профиліңіз басқа пайдаланушыларға көрінбейтін болады және деректеріңіз Құпиялылық саясатында көрсетілгендей жойылады. Егер жай ғана үзіліс алғыңыз келсе, профиліңізді жасыруыңызға болады.
Аккаунтыңызды жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Tinder параметрлерінен жою:
- Tinder қолданбасына немесе Tinder.com сайтына кіріңіз
- Профиль белгішесін түртіңіз
- Параметрлер бөліміне өтіңіз
- Төмен түсіп, Аккуантты жою түймесін түртіңіз
«Аккаунтымды басқару» құралымен жою:
- Аккаунтымды басқару құралына өтіңіз
- Tinder аккаунтына кіру ақпаратын пайдаланып кіріңіз
- Аккаунтты жою түймесін басыңыз
- Жоюды растаңыз
Tinder аккаунтыңызды жойсаңыз, деректеріңіз, оның ішінде жұптарыңыз, хаттарыңыз және фотосуреттеріңіз Құпиялылық саясатына сай жойылады. Алайда, аккаунтыңызды соңғы 90 күннің ішінде жойсаңыз, профиліңізді қалпына келітіре аласыз және аккаунтқа кіруге арналған алдыңғы деректерді тіркеп, аты-жөніңіз, жасыңыз, жынысыңыз сияқты кейбір ақпаратты қалпына келтіруіңізге болады .
Ескертпе: 90 күндік қалпына келтіру функциясы қазір кейбір нарықтағы iOS, Android жүйелерінде және tinder.com сайтында сынақтан өтіп жатыр, ал болашақта қосымша аймақтарға кеңейту жоспарда бар.
Есіңізде болсын
- Tinder қолданбасын телефоныңыздан жай ғана өшіру, жою немесе алып тастау Tinder аккаунтыңызды жоймайды, ол үшін жоғарыда көрсетілген қадамдарды орындауыңыз қажет.
- Аккаунтыңызды жою істеп тұрған жазылымыңызды тоқтатпайды.
- Аккаунтыңыз жойылған соң, деректерді жүктеп алу функциясын пайдалана алмай қаласыз.
- Профиль деректерін 90 күн сақтаймыз. Бұл 90 күн «қауіпсіздік мақсатында сақтау терезесі» ретінде жұмыс істейді, бұл бізге зиянды немесе заңсыз әрекеттерді зерттеу үшін қажетті ақпаратты сақтауға және 90 күндік қалпына келтіру функциясын қолдауға мүмкіндік береді.
- 90 күннен кейін Құпиялылық саясатының 9-бөліміне сәйкес профиль деректері толығымен жойылады.