Фотосурет аналитикасы — фотосуреттеріңізді талдау арқылы жасалған қызығушылықтарыңыз, болмысыңыз немесе өмір салтыңыз туралы қысқаша сипаттама. Бұл функция кейбір нарықтағы iOS пайдаланушыларына ғана қолжетімді.
Фотосурет аналитикасына кіру
Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы Фотосурет аналитикасын таба аласыз:
- Tinder-ді ашыңыз
- Профиль белгішесін түртіңіз
- Үйлесім белгішесін түртіңіз
Фотосурет аналитикасын пайдалану
Сіз Фотосурет аналитикасын қосқаннан кейін, біз фотосуреттеріңізге талдау жасап, Tinder-дің сізге ұсынылатын контентін жекелендіруіне және басқалармен оңай қарым-қатынас орнатуыңызға көмектесетін негізгі тақырыптарды анықтаймыз. Ол үшін бірнеше қадамды орындау керек:
- Сканерлеу: Сіз рұқсат бергенде, альбомыңыз тікелей құрылғыңызда сканерленіп, фотосурет сапасы және ондағы контент талданады.
- Фактілерді жасау: Таңдалған фотосуреттер біздің серверге уақытша жүктелініп, ЖИ технологиясы арқылы Фотосурет аналитикасы жасалады. Фотосурет аналитикасы фотосуреттеріңізде анықталған тақырыптар мен заттарға негізделеді.
- Фотосурет аналитикасын таңдау: Фотосурет аналитикасы тексеруге дайын болғанда, сізге хабарландыру жібереміз. Фотосурет аналитикасының қайсысын қалдырғыңыз келетінін өзіңіз шешесіз.
- Жекелендірілген фотосурет ұсыныстары: Біз сіз қалдырған Фотосурет аналитикасы деректерін пайдаланып, профиліңізге қосқыңыз келуі мүмкін фотосуреттерді ұсынамыз. Олар жеке фотосуреттер немесе сіздің мінез-құлқыңызды көрсететін коллаждар түрінде болуы мүмкін. Бұл ұсыныстар қандай фотосуреттердің әдетте жақсы нәтиже беретінін ескере отырып, Фотосурет аналитикасындағы өмір салты, қызығушылықтар мен тұлғалық ерекшеліктері тақырыптарына сәйкес жекелендіріледі. Альбомыңыздағы фотосуреттеріңізді анықтау үшін биометрикалық деректі жасау мақсатында селфи түсіруді талап етуміз немесе профиль фотосуретін қолдануымыз мүмкін.
- Фотосурет ұсыныстарын таңдау: Профиліңізге қай фотосуретті жүктеп салатыныңызды өзіңіз таңдайсыз. Сіздің рұқсатынсыз профиліңізге фотосуреттер қоспаймыз.
Фотосурет аналитикасын тексеріп, растаған соң, онда фотосурет ұсынсытары сияқты функциялар қосылады. Суреттеріңіздің артындағы «фактілерді» түсіну арқылы фотосурет ұсыныстары сіздің кім екеніңізді барынша дәл көрсететін альбомыңыздағы нақты фотосуреттерді ұсынады. Бұл профиліңізді жаңартуды жеңілдетіп, қолданбадағы бейнеңізді күшейтетін фотосуреттерді таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар Фотосурет аналитикасын пайдаланып, потенциалды жұптарыңызға сіздің кім екеніңізді көрсетеміз және кейбір ұсыныстардың не үшін сізге лайық екенін түсіндіреміз.
Фотосурет аналитикасы деректерді қалай пайдаланады
Фотосурет аналитикасы
Бұл функцияны пайдаланатын болсаңыз, біз құрылғыңыздағы фотосуреттерден тұратын альбомыңызды сканерлеп, фотосурет сапасы, контенті және ұқсастығына қарай сіз туралы маңызды фактілер ұсына алатын фотосуреттерді анықтаймыз. Анықталған фотосуреттер уақытша Tinder серверлеріне жүктеп салынады және жасанды интеллект технологиясының провайдерімен бөлісіліп, Фотосурет аналитикасы жасалады. Фотосурет ұсыныстары функциясының бір бөлігі ретінде біз таңдаған фотосуреттерді профиліңізге қосқыңыз келмесе, фотосуреттер жойылады.
Қалдырғыңыз келетін Фотосурет аналитикасы Фактілер хабына қосылады және фотосурет ұсыныстары мен соған ұқсас функциялар арқылы Tinder-дің сізге ұсыналатын контентін жекелендіру және басқалармен жақсы қарым-қатынас орнатуыңыз үшін қолданылады. Қалдырғыңыз келмеген Фотосурет аналитикасы 90 күннің ішінде жойылады және олар талданып, Фотосурет аналитикасы функциясын жақсартуға қолданылады.
Фотосурет ұсыныстары және коллаждар
Егер альбомыңызды сканерлеуге келіссеңіз, құрылғыдағы фотосуреттер сканерленіп, фотосуретке жақыннан түсу, бастан-аяқ толық түсу, топ болып түсу немесе саяхатта не үй жануарларын түсіру сияқты қандай суреттер жиі түсірілетінін анықтаймыз. Біз фотосуреттеріңіздегі визуалды үлгілерді талдайтын автоматтандырылған технологияны пайдаланамыз. Осы үлгілерді, Фотосурет аналитикасын және Tinder-де ненің жақсы жұмыс істейтінін білетінімізді басшылыққа ала отырып, біз профиліңізге қосуға болатын бірнеше фотосурет ұсынамыз. Мақсат — сізді түрлі қырыңыздан көрсететін сапалы әрі алуан түрлі фотосурет таңдауға көмектесу. Өзіңіз қаламайынша, сіздің фотосуреттеріңіз профиліңізге қосылмайды. Бәрі өз қолыңызда.
Фотосурет ұсыныстары үшін биометриялық дерек қалай қолданылады?
Егер сізді көрсететін фотосуреттерді ұсынғанымызды қаласаңыз, құрылғыңыздан өз фотосуреттеріңізді табу үшін биометриялық деректер жасай аласыз. Ол үшін селфи жасауыңыз керек немесе профиль фотосуретіңізде жалғыз тұрсаңыз, сол фотосуретті таңдауыңызға болады. Деректер былай өңделеді:
- Профиль фотосуретін ұсыну: Сізде ондай болса, талаптарға сай келетін профиль фотосуретін ұсынамыз. Оның орнына Tinder биометрикалық деректеріңізді жүктемей немесе бет-әлпетіңіздің ерекшеліктері туралы мәлімет жинамай, құпиялылықты сақтайтын құралды пайдаланып, профиль фотосуреттердің қайсысында бетіңіз анық көрінетінін анықтайды. Бұл процесс толықтай сіздің құрылғыңызда орындалады.
- Биометриялық деректерді жасау және пайдалану: Биометриялық деректер профиль фотосуретінен немесе селфиден жасалады, содан кейін альбомыңыздағы фотосуреттермен салыстырылады. Tinder видеоселфиден, профиль фотосуретінен немесе альбомыңыздағы фотосуретерден жасалған биометриялық деректердің ешқайсысын жинамайды, сақтамайды немесе басқа да жолмен пайдаланбайды. Бұл процестердің барлығы тек құрылғыда ғана орындалады және бұл функцияны өшірген кезде, оның бір бөлігі ретінде қолданылған биометриялық деректердің барлығы жойылады. Селфиіңіз де жойылады.
- Фотосуреттеріңізді сканерлеу: Белгілі бір фотосуреттерді ұсыну процесі толықтай құрылғыңызда орындалады. Tinder сіз профиліңізге жүктегіңіз келетін фотосуреттерді ғана сақтайды.
Бұл қадам міндетті емес және селфи жасаудың қажеті жоқ. Егер талаптарға сай келетін профиль фотосуретін пайдаланғыңыз немесе селфиге түскіңіз келмесе, Фотосурет аналитикасын жасау үшін бәрібір альбомыңызды сканерлейміз, бірақ фотосурет ұсыныстары мен коллаждарда сіз болмауыңыз мүмкін.
Фотосурет аналитикасының шектеулері
Фотосурет аналитикасын, ұсыныстарды және коллаждарды жасауға қолданылатын технология пайдалы болу және Пайдалану шарттарына немесе Қауымдастық қағидаларына қайшы келуі мүмкін фотосуреттерді немесе фактілерді алып тастау үшін жасалған. Бірақ бұл технология 100% дұрыс бола алмайды. Ара-тұра сіздің талғамыңызға сай келмейтін фотосуреттер ұсынуы немесе өмір салтыңызды дұрыс түсіндірмеуі мүмкін. Бұл құрал сізге көмектесуге арналғанымен, жүктеп салатын фотосуреттеріңізге тек өзіңіз жауаптысыз. Олардың Пайдалану шарттарына, Қауымдастық қағидаларына және жергілікті заңдарға сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сонымен қатар есіңізде болсын:
- Талаптарға сәйкестік: Егер сізде фотосуреттер жеткіліксіз болса, Фотосурет аналитикасы және фотосурет ұсыныстары қолжетімді болмауы мүмкін. Талаптарға сай болу үшін альбомыңызды ара-тұра тексеріп, фотосуреттердің жеткілікті екенін анықтап, жаңа фотосуреттердің бар-жоғын көреміз.
- Сканерлеу барысы: Ортасынан үзіліп қалса, қолданба келесі жолы ашылғанда сканерлеу процесі жалғасады.
-
Қайта сканерлеу: Альбомыңызды қайта сканерлейтін болсаңыз, ескі Фотосурет аналитикаңыз соңғы сканерлеу нәтижесінде жасалған жаңа аналитикаға алмастырылады.
Сезімтал тақырыптар
Кейбір жағдайда Фотосурет аналитикасы фотосуреттеріңізде анықталған үлгілер негізінде мәдени, діни, саяси, өмір салтына қатысты немесе басқа да ықтимал сезімтал тақырыптарға сілтеме жасауы мүмкін. Бұл аналитика автоматты түрде жасалады және әрдайым сіздің жеке көзқарасыңызды немесе болмысыңызды нақты көрсетпеуі мүмкін. Фотосурет аналитикасын қарап шығып, қайсысын қолдану керектігін таңдай аласыз, ал Фактілер хабында оларды кез келген уақытта жоя аласыз.
Бас тарту немесе деректеріңізді жою
Фотосуреттеріңіз және Фотосурет аналитикасы өз қолыңызда. Альбомды сканерлеу функциясынан толықтай бас тартуыңызға да болады.
- Фактілер хабы: Фотосурет аналитикасын таңдаған соң, Фактілер хабында кез келген уақытта Фотосурет аналитикасын басқара немесе жоя аласыз.
- Ұсынылған фотосуреттер және коллаждар: Сіз таңдаған фотосуреттер мен коллаждар ғана профиліңізге қосылады. Оларды кез келген уақытта «Профильді өзгерту» параметрлерінен өшіре аласыз.
- Альбом рұқсаттары: Құрылғыныңыздың жүйелік параметрлерінен кез келген уақытта альбомды пайдалану рұқсатын өзгерте немесе өшіре аласыз.
Құпиялылық саясатына кіріп, құпиялық процедуралары және Құқықтарыңыз туралы толық ақпарат алыңыз. Деректеріңіздің көшірмесін қалай сұрау керектігі туралы да толық мәлімет ала аласыз.