Жасанды интеллект негізінде жұптастыру – өзіңіздің жеке талғамыңыз бен қызығушылықтарыңызға сай үйлесімді адамдарды табуға арналған құрал. Tinder профиліңіздегі ақпаратқа, сұрақтарға берген жауаптарыңызға және (қалауыңыз бойынша) альбомыңыздағы фотосуреттерге сай жасанды интеллект негізінде жұптастыру функциясы тек сіз үшін іріктелген ұсыныстар жасайды!
Ескертпе: Бұл мүмкіндік қазір тек кейбір нарықта ғана жұмыс істейді және сіз тұратын аймақта әлі қолжетімсіз болуы мүмкін.
Жасанды интеллект негізінде жұптастыруды пайдалануды қазір бастаңыз
Мына қадамдарды орындап, Күнделікті ұсынымдар алу үшін Жасанды интеллект негізінде жұптастыру функциясын пайдалана бастаңыз:
Жасанды интеллект негізінде жұптастыру функциясын пайдалана бастау және Күнделікті ұсынымдарды көру үшін мына қадамдарды жасаңыз:
- Танысу экранының жоғарғы оң жақ бұрышындағы гауһар тас белгішесін түртіңіз
- Ұсынымдарды іріктеу үшін сұрақтарға жауап беріңіз (бұл сұрақтарға тек бір рет жауап берсеңіз жеткілікті)
- Фотосурет рұқсатын бөлісуге келісіңіз (бұл міндетті емес, бірақ альбомды толық пайдалану рұқсатын беру қызығушылықтарды дәлірек анықтауға көмектеседі)
- Күнделікті ұсынымдарды шығару үшін түймені түртіңіз
Гауһар белгішесін түрту арқылы Күнделікті ұсынымдарды кез келген уақытта көре аласыз.
Жасанды интеллект негізінде жұптастыруды тоқтату
Жасанды интеллект негізінде жұптастыру функциясын пайдалану міндетті емес! Tinder-ді онсыз да қолдана беруге болады.
Функцияны қолдана бастап, үзіліс алғыңыз келсе – еш мәселе жоқ. Танысу экранының жоғарғы оң жақ бұрышында гауһар тас белгішесін түртпесеңіз жеткілікті. Белгіше көрініп тұра береді, бірақ оны пайдалану-пайдаланбау өз еркіңізде.
Жасанды интеллект негізінде жұптастыру фактілерін басқару
Күнделікті ұсынымдарға не әсер ететінін «Фактілер орталығында» тексеріп, басқара аласыз. Сізге ұсынылатын контентті жекелендіру үшін қолданылатын фактілерді сол жерден көруге немесе өшіруге болады.
Фактілерді көру үшін мына қадамдарды орындаңыз:
- Танысу экранының жоғарғы оң жақ бұрышындағы гауһар тас белгішесін түртіңіз
- «Фактілерімді зерттеу» түймесін түртіңіз
- Сіз жауап берген сұрақтардан жасалған фактілердің барлығын көріңіз
- Қандай да бір фактіні жою керек болса, жойғыңыз келетін фактіні түртіп, «Жою» түймесін басыңыз
Альбомда тэг қоюға рұқсат етсеңіз, ол дерек те фактілеріңізге әсер етеді. Альбомдағы тэгтерді басқару туралы толық ақпаратты мына жерден таба аласыз.
Жасанды интеллект негізінде жұптастыру үшін дерегіңді қалай қолданамыз
Жасанды интеллект негізінде жұптастыру функциясы сіз туралы және іздеп жүрген адамыңыз туралы фактілер жасайды. Жоғарыдағы бөлімде көрсетілгендей оларды кез келген уақытта ашып, басқара аласыз. Бұл фактілер Tinder профиліңіздегі ақпарат пен әрекеттеріңіз, сұрақтарға қалай жауап бергеніңіз және альбомдағы фотосуреттердегі тэгтер (оған келіскен болсаңыз) негізінде жасалады. Содан кейін бұл фактілер сіз үшін жекелендірілген ұсыныстар жасау үшін қолданылады.
Деректі қалай қолданатынымыз туралы толық ақпарат алу үшін Құпиялылық саясатымызды оқыңыз. Деректеріңіздің көшірмесін қалай сұрауға болатынын білу үшін Анықтама орталығына кіруге болады.
Қосымша көмек
Жасанды интеллект негізінде жұптастыруды қолдану барысында қосымша көмек керек болса, толық мәліметті беріп, бізге жазыңыз. Қуана көмектесеміз.