Фотосурет аналитикасы — альбомыңыздағы фотосуреттеріңізді талдау арқылы қызығушылықтарыңыз, болмысыңыз немесе өмір салтыңыз туралы жасалған қысқаша сипаттама. Бұл функция кейбір нарықтарда ғана қолжетімді.
Кейбір нарықтарда Tinder-ге тіркелген кезде профиліңізді жылдамырақ баптауға көмектесу үшін, альбомыңызды Фотосурет аналитикасы арқылы сканерлеуге рұқсат бере аласыз. Фотосуреттеріңізден алған ақпаратты пайдаланып, сізге қосуға болатын фотосуреттерді, қызығушылықтарды және қызықты фактілерді ұсынамыз. Бәрін өз бақылауыңызда ұстайсыз. Профиліңізге сіз таңдаған деректер ғана қосылады.
Фотосурет аналитикасына кіру
Фотосурет аналитикасын көру үшін:
- Tinder-ді ашыңыз
- Профиль қойындысын түртіңіз
- Профиліңіздің жоғарғы жағындағы Үйлесім белгішесін түртіңіз
Ескертпе: Фотосурет аналитикасы кейбір нарықтарда ғана жұмыс істейді.
Фотосурет аналитикасын пайдалану
Сіз Фотосурет аналитикасын қосқаннан кейін, біз фотосуреттеріңізге талдау жасап, Tinder-дің сізге ұсынылатын контентін жекелендіруіне және басқалармен оңай қарым-қатынас орнатуыңызға көмектесетін негізгі тақырыптарды анықтаймыз. Оған мыналар кіреді:
- Сканерлеу: Сіз рұқсат бергенде, альбомыңыз тікелей құрылғыңызда сканерленіп, фотосурет сапасы және ондағы контент талданады.
- Аналитиканы жасау: Фотосуреттеріңізден анықталған тақырыптар мен нысандарға сүйене отырып, ЖИ технологиясының көмегімен фотосурет ұсыныстары мен Фотосурет аналитикасын жасау үшін таңдалған фотосуреттерді серверімізге уақытша жүктеп саламыз. Бұл фотосуреттерді профиліңізге қоспасаңыз, олар кейін жойылады.
- Жекелендірілген фотосурет ұсыныстары: Профиліңізге қосқыңыз келуі мүмкін фотосуреттерді (мысалы, болмысыңызды паш ететін жекелеген фотосуреттер немесе коллаждар) ұсынамыз. Бұл ұсыныстар қандай фотосуреттердің әдетте жақсы нәтиже беретінін ескере отырып, Фотосурет аналитикасындағы өмір салты, қызығушылықтар мен тұлғалық ерекшеліктері тақырыптарына сәйкес жекелендіріледі. Сіздің суреттеріңізден тұратын фотосурет ұсыныстарын алу үшін альбомыңыздан сіздің фотосуреттеріңізді анықтайтын, селфи түсіретін немесе профильдегі фотосуретті пайдаланып, альбомыңыздағы фотосуреттеріңізді анықтау үшін биометриялық деректерді жасайтын опция көруіңіз мүмкін. Профиліңізге қай фотосуретті жүктеп салу керектігін таңдайсыз. Сіздің рұқсатынсыз профиліңізге фотосуреттер қоспаймыз.
- Жекелендірілген профиль баптаулары: Бұл функция профиль параметрлерін реттеу кезінде қолжетімді болса, профиліңізге қосуға болатын қызығушылықтарды, сондай-ақ «Мен туралы» бөліміне арналған тақырыптар мен профиліңізді толықтыруға көмектесетін қызықты фактілерді ұсыну үшін Фотосурет аналитикасын пайдаланамыз. Профиліңізге қандай қызығушылықтар және контент қосылатынын өзіңіз таңдайсыз.
Фотосурет аналитикасы деректерді қалай пайдаланады
Фотосурет аналитикасы
Бұл функцияны пайдаланатын болсаңыз, біз құрылғыңыздағы фотосуреттерден тұратын альбомыңызды сканерлеп, фотосурет сапасы, контенті және ұқсастығына қарай сіз туралы маңызды фактілер ұсына алатын фотосуреттерді анықтаймыз. Анықталған фотосуреттер Фотосурет аналитикасын жасау үшін ғана уақытша Tinder серверлеріне жүктеледі және жасанды интеллект технологиясы провайдерімізбен бөлісіледі. Содан кейін фотосуреттеріңізді профиліңізге қоспасаңыз, олар жойылады.
Фотосурет аналитикасы фактілер орталығында қолжетімді болады және Tinder-дегі тәжірибеңізді жекелендіріп, өзіңізге лайықты адамдармен танысуға мүмкінідк береді. Сонымен қатар Фотосурет аналитикасын талдап, функцияны одан әрі жетілдіреміз. Сақтамаған Фотосурет аналитикаңыз 90 күн ішінде жойылады.
Ескертпе: Кейбір нарықтарда Фотосурет аналитикасы профиліңізге қосуға болатын фотосуреттерді, биографияны және қызығушылықтарды ұсыну үшін ғана қолданылады, содан кейін бірден жойылады. Демек, біз Фотосурет аналитикасын сақтамаймыз және сіз қолданбада Фактілер орталығын көрмейсіз.
Фотосурет ұсыныстары және коллаждар
Егер альбомыңызды сканерлеуге келіссеңіз, құрылғыдағы фотосуреттер сканерленіп, фотосуретке жақыннан түсу, бастан-аяқ толық түсу, топ болып түсу немесе саяхатта не үй жануарларын түсіру сияқты қандай суреттер жиі түсірілетінін анықтаймыз. Біз фотосуреттеріңіздегі визуалды үлгілерді талдайтын автоматтандырылған технологияны пайдаланамыз. Осы үлгілерді, Фотосурет аналитикасын және Tinder-де қандай фотосуреттер жақсы нәтиже көрсететіні туралы ақпаратты басшылыққа ала отырып, Tinder-ге тек іріктелген фотосуреттерді жүктеп саламыз және профиліңізге қосуға болатын бірнеше фотосурет ұсынамыз. Мақсат — сізді түрлі қырыңыздан көрсететін сапалы әрі алуан түрлі фотосурет таңдауға көмектесу. Профиліңізге қоспасаңыз, фотосуреттеріңіз бірден жойылады. Өзіңіз қаламайынша, сіздің фотосуреттеріңіз профиліңізге қосылмайды. Бәрі өз қолыңызда.
Фотосурет ұсыныстары үшін биометриялық дерек қалай қолданылады?
Егер сізді көрсететін фотосуреттерді ұсынғанымызды қаласаңыз, құрылғыңыздан өз фотосуреттеріңізді табу үшін биометриялық деректер жасай аласыз. Ол үшін альбомыңыздағы өзіңіздің үлгі ретінде қолданылатын фотосуретіңізді анықтауыңыз, селфи түсіруіңіз немесе профиліңізде жалғыз түскен фотосуретіңізді пайдалануыңыз керек (ескертпе: опциялар әр елде әртүрлі болуы мүмкін). Таңдаған опцияңызға байланысты деректеріңіз төмендегідей өңделеді:
- Профиль фотосуретін ұсыну: Сізде ондай фотосурет болса, талаптарға сай келетін профиль фотосуретін ұсынамыз. Оның орнына Tinder биометриялық деректеріңізді жүктемей немесе бет-әлпетіңіздің ерекшеліктері туралы мәлімет жинамай, құпиялылықты сақтайтын құралды пайдаланып, профиль фотосуреттердің қайсысында бетіңіз анық көрінетінін анықтайды. Бұл процесс толықтай сіздің құрылғыңызда орындалады.
- Селфи түсіру: Сізге селфи түсіру мүмкіндігі берілуі мүмкін. Осы опцияны таңдасаңыз, селфиіңізді пайдаланып, альбомыңыздағы фотосуреттерді осы бөлімде көрсетілгендей анықтаймыз. Функциядан шығып кеткенде, селфиіңіз жойылады.
- Селфиіңнен немесе профильдегі фотосуретіңнен биометриялық деректерді жасау және пайдалану: Өзіңіз екеніңізді растаған фотосуретіңізден немесе селфиіңізден биометриялық деректер жасалады, содан кейін олар альбомыңыздағы фотосуреттермен салыстырылады. Tinder селфиіңізден, профильдегі фотосуретіңізден немесе альбомыңыздағы фотосуреттерден жасалған биометриялық деректердің ешқайсысын жинамайды, сақтамайды пайдаланбайды немесе алмайды. Барлығы құрылғыңыздың ішінде орындалады және функциядан шығып кеткен соң, осы функцияның бір бөлігі ретінде қолданылған биометриялық деректеріңіз құрылғыңыздан жойылады.
-
Үлгі ретінде қолданылатын фотосуретті анықтау: Кейбір нарықтарда альбомыңыздан өзіңіздің фотосуреттеріңізді анықтау опциясы ұсынылады. Ол үшін альбомды сканерлеуге рұқсат берген кезде, альбомыңыздағы ұқсас жүздер бар фотосуреттер топтастырылады және олардың ішіндегі өзіңіз бар фотосуреттеріңізді растауыңыз керек. Бұл процесс толықтай сіздің құрылғыңызда орындалады. Фотосуреттегі өзіңіз екеніңізді растағанда, бет үлгісі (биометриялық дерек деп атауға болады) альбомыңыздағы фотосуреттермен салыстырылып, өзіңіз түскен фотосуреттерді анықтауға көмектеседі және болашақта қайта сканерлеуді жылдамдату үшін құрылғыңызда жергілікті түрде сақталады. Сіз Tinder-ден шығып кеткенде, бет үлгісі жойылады және оны кез келген уақытта қайта орнатуыңызға және жоюыңызға болады, ол үшін:
- Параметрлер бөліміне өтіңіз.
- Төмен түсіп, Фотосурет ұсыныстарын таңдаңыз.
- «Сақталған бет үлгісі» түймесін басып, «Бет үлгісін қалпына келтіру» опциясын таңдаңыз.
Бұл қадам міндетті емес және селфи жасаудың қажеті жоқ. Бұл қадамды өткізіп жібергіңіз келсе, Фотосурет аналитикасын жасау үшін бәрібір альбомыңызды сканерлейміз, бірақ фотосурет ұсыныстары мен коллаждарда сіз болмауыңыз мүмкін.
Шектеулер
Фотосурет аналитикасын, ұсыныстарды және коллаждарды жасауға қолданылатын технология пайдалы болу және Пайдалану шарттарына немесе Қауымдастық қағидаларына қайшы келуі мүмкін фотосуреттерді немесе фактілерді алып тастау үшін жасалған. Бірақ бұл технология 100% дұрыс бола алмайды. Ара-тұра сіздің талғамыңызға сай келмейтін фотосуреттер ұсынуы немесе өмір салтыңызды дұрыс түсіндірмеуі мүмкін. Бұл құрал сізге көмектесуге арналғанымен, жүктеп салатын фотосуреттеріңізге тек өзіңіз жауаптысыз. Олардың Пайдалану шарттарына, Қауымдастық қағидаларына және жергілікті заңдарға сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сонымен қатар есіңізде болсын:
- Талаптарға сәйкестік: Егер сізде фотосуреттер жеткіліксіз болса, Фотосурет аналитикасы және фотосурет ұсыныстары қолжетімді болмауы мүмкін. Альбомды сканерлеуге келіскеніңізбен, ондағы фотосуреттеріңіз жеткіліксіз болса, альбомыңызда жаңа фотосуреттердің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп, талаптарға сай келетін фотосуреттеріңіз жеткілікті болған-болмағанын тексеріп отырамыз. Тіркелу кезінде профиліңізді реттеп жатсаңыз және фотосуреттеріңіз жеткіліксіз болса, профиліңізді қолмен толтыра аласыз.
- Сканерлеу барысы: Ортасынан үзіліп қалса, қолданба келесі жолы ашылғанда сканерлеу процесі жалғасады.
- Қайта сканерлеу: Альбомыңызды қайта сканерлейтін болсаңыз, ескі Фотосурет аналитикаңыз (сақталған болса) соңғы сканерлеу нәтижесінде жасалған жаңа аналитикаға алмастырылады.
Сезімтал тақырыптар
Кейбір жағдайда Фотосурет аналитикасы мен ұсыныстар фотосуреттеріңізде анықталған үлгілер негізінде мәдени, діни, саяси, өмір салтына қатысты немесе басқа да сезімтал болуы мүмкін тақырыптарға сілтеме жасауы мүмкін. Олар сіздің жеке көзқарасыңызды немесе болмысыңызды әрдайым дәл көрсете бермеуі мүмкін. Фотосурет аналитикасын кез келген уақытта Фактілер орталығынан жоюға (қандай да бір Фотосурет аналитикасын сақтасақ) немесе ұсынылып профиліңізге қосқан профиль фотосуреттерін, биография немесе қызығушылықтарды кез келген уақытта «Профильді өзгерту» параметрлерінен алып тастауға болады.
Бас тарту немесе деректеріңізді жою
Фотосурет аналитикасы мен профиліңізде көрсетілетін ақпарат толықтай өз қолыңызда. Альбомды сканерлеу функциясынан толықтай бас тартуыңызға да болады.
- Фактілер орталығы: Фотосурет аналитикасын кез келген уақытта Фактілер орталығынан басқарып, жоюыңызға болады. Фактіні жою үшін жойғыңыз келетін фактіні свайп жасаңыз. Ескертпе: Фактілер орталығы Фотосурет аналитикасы сақталмайтын нарықтарда жұмыс істемейді.
- Ұсынылған фотосуреттер және коллаждар: Профиліңізге тек өзіңіз таңдаған ұсынылған фотосуреттер мен коллаждар қосылады. «Профильді өзгерту» параметрлерінде ұсынылған фотосуреттерді және Фактілер орталығындағы коллаждарды кез келген уақытта жоя аласыз.
- Альбом рұқсаттары: Құрылғыныңыздың жүйелік параметрлерінен кез келген уақытта альбомды пайдалану рұқсатын өзгерте немесе өшіре аласыз.
- Тіркелу кезінде: Альбомды сканерлеу процедурасын толықтай өткізе аласыз немесе ұсынылған фотосуреттерді, биография мен қызықты факт тақырыптарын, қызығушылықтарды және басқа профиль ұсыныстарын пайдаланбауыңызға болады.
- Тіркелгеннен кейін: Ұсынылған фотосуреттерді, қызығушылықтарды, биографияны немесе қызықты фактіні «Профильді өзгерту» параметрлерінен кез келген уақытта өшіруіңе болады.
Қосымша көмек
Қосымша көмек керек болса, бізге хабарлас, саған қуана-қуана көмектесеміз.
Біздің Құпиялылық саясатымызға кіріп, құпиялық процедуралары және Құқықтарыңыз туралы толық ақпарат алыңыз. Деректеріңіздің көшірмесін қалай сұрау керектігі туралы да толық мәлімет ала аласыз.